- Басты
- Жаңалықтар
- Астана әкімі Ә.Жақсыбеков 72 жас отбасына пәтер кілтін табыстады
Астана әкімі Ә.Жақсыбеков 72 жас отбасына пәтер кілтін табыстады
Қала басшысы отбасыларды осынау атаулы күнмен құттықтап, мемлекеттің әлеуметтік міндеттемелері жұмыстың басты басымдығы болып табылатынын және толық көлемде орындалатынын атап өтті.
«Бүгін Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні қарсаңында 72 жас отбасы пәтер кілтіне ие болуда. Жас отбасыларға арналған тұрғын үй құрылысының жаңа бағыты тікелей Президенттің тапсырмасымен әзірленді. Мемлекет бұл мәселеге әрқашан көңіл бөліп, барынша қолдау көрсетіп келеді. Сіздерді бүгінгі қуанышпен шын жүректен құттықтаймын! Жаңа қоныстарыңыз береке мен қуанышқа тола берсін!» - деді Ә. Жақсыбеков.
Соңғы жылдары әлеуметтік бағдарламалар бойынша 4,5 мың астаналық баспаналы болды. 2014 жылы елордада жас отбасыларға арналған тұрғын үй бағыты бойынша 672 пәтер бөлінді. Бүгінде 211 отбасы үйлеріне көшсе, 72 отбасы Астана қ., С 409 көше, 43, 45, 47 үйлер мекенжайында орналасқан «Сарыбұлақ өзенінің бойында Тілендиев даңғылының оңтүстігіне қарай» пайдалануға берілген тұрғын үй кешеніне қоныстанады.
Жас отбасыларға арналған қалған 389 пәтер тұрғын үй комиссиясының алдағы отырысында (пәтерлерді Тұрғын үй басқармасында тіркеу процедурасы аяқталады) үлестірілетін болады.
Жалпы, Өңірлерді дамыту бағдарламасы - 2020 аясында тұрғын үй өткізудің негізгі бес бағыты қарастырылған, соның ішінде ескі және апатты жағдайдағы үйлерді бұзу пилоттық жобасы да бар. Аталған жоба аясында 3 500 отбасы жаңа үйлерге көшірілмек.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Машина жасау: Өндіріс көлемі, экспорт және саланың өзекті мәселелері -
Ж.Бекшин: Коронавирус жұқтырғандар арасында жастар көп -
Сарапшы: Жолдауда жастарға қатысты айтылған үш мәселені атады -
Президенттік жастар кадр резерві: Үміткерлерді іріктеу қалай өтеді -
Токио-2020: Спортшылардың олимпиададағы нәтижесіне талдау жасалды -
ХЖҚО жұмысын жаңғырту, Электронды еңбек биржасы мен ҰБЖ-ны дамыту