ҚР-дағы газдандыру мәселелері KAZENERGY отырысында қаралды (ФОТО)

9 Желтоқсан, 2015 13:42
Астанада Тимур Құлыбаевтың төрағалығымен KAZENERGY қауымдастығының XIX отырысы өтті. Онда Атқарушы комитеттің 2015 жылғы қызметі жайлы баяндамасы және KAZENERGY форумының Х мерейтойлық форумының қорытындысы тыңдалып, Қазақстанды газдандырудың басты сызбасының мәселесі қаралды.

«2013-2015 жылдар аралығында Қазақстанда 42-43 млрд текше метр газ өндірілді. Ал, технологиялық қажеттіліктерге шамамен  19,5 млрд текше метр шикі газ шығындалады. Ал үйлестіруге арналған тауарлы газ  2013 және 2014 жылдары сәйкесінше  22,8 және  23,5 млрд текше метрді құрады. Ал, 2015 жылдың алғашқы 9 айының қорытындысы бойынша ішкі тұтыну көлемі 10-12 млрд текше метр газды құрады, экспортқа шамамен 2013 және 2014 жылы сәйкесінше 11,9 және 11,1 құрады», - деді мұнай газ және энергетика салаларын дамыту бойынша атқарушы директор. 

Оның айтуынша, Қазақстандағы газ өндірісі ішкі сұранысты толығымекн қанағаттандырады және оның басым бөлігі экспортқа шығарылады. ҚР энергетика  министрлігі еліміздегі ішкі сұранысты және экспортты үйлестіруді қадағылайды және газ өндірісі мен тұтынуды жоспарлауды жүзеге асырады.

«Бүгінде газды ішкі тұтынуда тапшылық сезілмейді, ал ұлттық оператор барлық газды  сатып алып экспортқа шығаруда, осы ретте KAZENERGY  қауымдастығының мүшелерінен сұрақтар келіп түсуде. Экспорттық табыс туралы мәселе баяғыша ашық қалпында қалып отыр. «Газ бен газбен қамтамасыз ету туралы» ҚР заңына сәйкес жер қойнауын пайдаланушылар газды экспортқа шығаруға толығымен құқылы. Біз бұл мәселені ҰКП және KAZENERGY-мен бірге қарастырдық», - деп атап өтті Рүстем Қабжанов.

Фото Бауыржан Жуасбаев

Барлық жаңалықтар