- Басты
- Жаңалықтар
- А.Подушкин: Ежелгі Қаңлы мемлекеті – Қазақ хандығының негізін қалаушы
А.Подушкин: Ежелгі Қаңлы мемлекеті – Қазақ хандығының негізін қалаушы
- Сіздің пікіріңізше, Қазақ хандығының 550 жылдығын тойлау қандай мағынаға ие?
- Меніңше, қазақстандықтар біздің мемлекеттің құрылуы мен тәуелсіздігіне дейінгі күрделі жолын түсіне білуі керек. Бұл өте ауыр, ұзақ трагедиялы жол болды. Қазақстан барлық ауырлықты артта тастап, өзінің тұрақты даму жолына тұрып, әлемдік қауымдастығындағы орнын алды. Қазіргі заманғы өркениет біздің ата-бабаларымыз жасаған істің бос емес екендігін дәлелдеді. Маған Қазақстан азаматы ретінде өте маңызды шара. Өзге аспектілер болса, әрбір қазақстандық Қазақ хандығының тарихын, мәдениетін тілін білуі өте маңызды. Біз үшін бұл Қазақ хандығының 550 жылдығын тойлау –маңызды шар. Ол үлкен мәнге ие, себебі өскелең ұрпақ өз халқының тарихын білуі керек.
- Сәулетші ретінде Қазақ хандығының мерейтойын мерекелеуді қалай бағалайсыз?
- Мен көптеген ғылыми конференцияларға қатыстым, шетелден Қазақ хандығының тарихын зерделеуге адам тартатын бірқатар еңбек жарияладық. Сондай-ақ, бізде сәулет қазбалары бойынша нәтиже жаман емес. Оның бірі «Қаңлы мемлекетінің сәулеттік қағаз ескерткіштері». Оны ҚР Орталық музейі басқарады. Біз бесінші жыл қатарынан серіктестік жүргізіп келеміз. Осы жылы біздің сәулетші топ бірқатар ежелгі қазбаға қол жеткізді. Бұл Қаңлы мемлекетінің пайда болуындағы оқиға туралы айтылып отыр. Бұл Қазақ хандығының құрылуының бастамасы.
- Осы жылдың археологиялық зерттеу жұмыстары аяқталған соң қандай түйін шығардыңыз?
- Біз бірегей артефактілерді таптық. Бұл ежелгі қазбалар сол кездегі халыққа тиесілі болған. Бұл сарматтар, үйсіндер мен қаңлылар. Мен Моңғолиядағы ірі ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатыстым. Оған әр түрлі елден 150 ғалым қатысты. Біздің Оңтүстік Қазақстанда табылған заттарымыз қазақ халқының түбі тереңде жатқанын көрсетеді.Бұл жаңа зерттеулердің басы, ол әрине қомақты қаржыны қажет етеді. Біздің елде өзінің жеке қаржысын зерттеу жұмыстарына салған адамдар жеткілікті. Олар өздерінің атын бүркеншік етіп қалдыруын қалаған болатын. Шын патриоттық осындай болуы керек шығар. Мәселен, менің жобам Шымкенттен 70 шақырым жерде Ұғам шатқалында жүргізілді. Бұл өте жақсы көрсеткіш, әсіресе Қазақ хандығының 550 жылдығы орайында өте орынды.
- Қазақстандық халыққа археологиялық қазбалармен танысу қандай нәтиже береді деп ойлайсыз?
- Мен айтып өткенімдей, мен көптеген конференциялар мен көрмелерге қатыстым. Оның ішінде Астанада Оңтүстік Қазақстандағы жұмыстар туралы айтып өткен болатын. Тарихи-мәдени насихаттау әлеуметтік нығыз қасиеті тәрбиелейді. Тарихи сана әр халық үшін өте маңызды. Адамдар сол кездегі тархқа қол жеткізгендей, мәдениетпен танысқандай әсер алады. Екіншіден, адамда азаматтық ұстаным болуы керек. Мәселен, адамдар қаңлы кезіндегі ескерткіштерді өз көздерімен көріп, сол әлемге бет бұрып кете алады. Біздің қазақстандықтар өздерінің тарихымен мақтана алады. Бұл бәрінен бұрын ата-бабаларымыздың еңбегі.
- Сұхбатыңыз үшін рахмет.
Данияр Қасымов
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді