- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР Қарулы Күштерінің спортшысы оқ ату бойынша Қазақстанның жаңа рекордын орнатты (ФОТО)
ҚР Қарулы Күштерінің спортшысы оқ ату бойынша Қазақстанның жаңа рекордын орнатты (ФОТО)
Оның авторы ҚР Қорғаныс министрлігі Армия орталық спорт клубының армиялық спортшысы Юрий Юрков атанды. 10 метр қашықтықта атқыш 624,4 ұпай жинап, Әзірбайжанда өткен 2015 жылғы әлем кубогында орнатқан алдыңғы 622,9 ұпайынан асып түсті.
Бұл рекорд – армиялық спортшының тағы бір жетістігі. Бүгінде оның қоржынында әлем кубогының жеңімпазы, ҚР бірнеше дүркін чемпионы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 2016 жылы өтетін Олимпиадалық ойындарға арналған лицензия иегері, сондай-ақ осы жылдың қорытындысы бойынша ҚР спорттық оқ ату федерациясының рейтингісінде бірінші орын бар. Сонымен бірге, кәсіби және бұқаралық қазақстандық әскери спортқа ұмтылуда тағы бір қадам.
Бүгінде еліміздің Қарулы Күштерінде спортқа ерекше көңіл бөлініп отырғанын айта кеткен жөн. Әскери қызметшілерді әрі қарай дамыту және спортқа баулу үшін осы жылы алғаш рет Алматыдағы Радиоэлектроника және байланыс Әскери институтының спорттық базасында ҚР Қарулы Күштерінің дене даярлығы және спорт мамандарымен оқу-әдістемелік жиын ұйымдастырылды.
Мұнда ҚР ҚМ АОСК және дене шынықтыру әскери институтының офицерлері дене даярлығын басшылыққа алу, жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау және есепке алу жөнінде бірлескен дәрістер мен семинарлар өткізді. Дене даярлығы бойынша сабақтарды өткізудің педагогикалық негіздерін, әскери қызметшілердің дене тұрғысындағы қасиеттерін дамыту әдістемелерін, медициналық қамтамасыз етуді қарастырды.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Pfizer: «Препараттың қауіпсіздігіне алаңдауға не күмәндануға негіз жоқ» -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Магистратура/докторантура: Құжат қабылдау мерзімі ұзартылды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді