Көкшетау әкімдігі журналистерге құрылыс нысандарын көрсетті

7 Қараша, 2013 12:22
Көкшетау қаласының әкімдігімен «Қол жетімді баспана-2020» бағдарламасы мен әлеуметтік сала объектілерін жүзеге асыру аясындағы объектілер құрылысының барысын түсіндіру жөнінде баспасөз – туры ұйымдастырылды, деп қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

 «Баспасөз-турының басында  журналистер Васильковский мөлтек ауданынан солтүстікке қарай салынып жатқан тұрғын үйлерді аралап қайтты. Ағымдағы жылы қалада тұрғын үй құрылысының саласында  тұрғын үйдің 114 шаршы метрі енгізілуі жоспарлануда.  Олардың «Қол жетімді баспана-2020» бағдарламасы бойынша - 26 724 м2 (бүгінгі күні 7 896 м2 тапсырылған), ЖТҚ – 50 м2 (- 26 тыс м2 тапсырылды), коммерциялық тұрғын үй – 37 837 – (9 996 м2 тапсырылған)», - деп хабарламада нақтыланған.

Жыл басынан «Қол жетімді тұрғын-үй 2020» бағдарламасы бойынша тұрғын үй жинақ банкі жүйесімен 30 -  пәтерлі үш тұрғын үй тұрғындарға тапсырылған  (бұл Центральный мөлтек ауданындағы 2 үй  және  Горький көшесіндегі 1 үй). Васильковский мөлтек ауданынан солтүстікке қарай салынып жатқан 45 –пәтерлі және 108 - пәтерлі үй  аяқталу сатысында. Сонымен қатар ағымдағы жылы он бір тұрғын үйдің құрылысы басталып, олар 2014 жылдың үшінші тоқсанында тұрғындарға тапсырылуға жоспарланады.

Бүгінгі күні Көкшетау қаласының құрылыс бөлімімен 18 тұрғын үйлердің құрылысы жүргізіліп жатыр.

 Бұдан әрі журналистер 240 орынға арналған балабақшаға барды, мұнда бүгінгі күні жұмысшы комиссиясының ескертулері жойылуда және оқу-тәрбиелеу кешені құрылысының жұмыстары барысымен танысты: Бірлік мөлтек ауданындағы 4 топқа арналған мектепке дейінгі бөлімшесі бар I, II сатылы 9 сыныпқа арналған мектеп. Мектеп 216 орынға, балабақша 80 орынға есептелінген. Бүгінгі күні мұнда өңдеу жұмыстары, аумақты абаттандыру және инженерлік желілерді салу  жұмыстары жүргізіліп жатыр. Нысанды тапсыру ағымдағы жылдың төртінші тоқсанында жоспарланып жатыр.

Кейін журналистер Жайлау мөлтек ауданындағы Сырымбет, 39 көшесі бойынша орналасқан 240 орынға арналған мектепке дейінгі білім беру мекеме құрылысының басталуымен танысты. Жұмыстардың аяқталу мерзімі 2014 жыл. 

Барлық жаңалықтар