- Басты
- Жаңалықтар
- Мәжіліс қарыз туралы келісімнің ратификациясын мақұлдады
Мәжіліс қарыз туралы келісімнің ратификациясын мақұлдады
Аталған заң жобасы 2014 жылдың мамыр айында ҚР Үкіметі мен Бүкіләлемдік Банк Тобы арасындағы серіктестік туралы Негіздемелік келісімді жүзеге асыру мақсатында жасалған.
Көрсетілген келісімге сәйкес, халықаралық қаржылық ұйымдармен бірлесе отырып бірқатар жобаларды, оның ішінде Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкінің 100 млн. АҚШ доллары көлеміндегі қарызы есебінен жүзеге асырылуы жобаланып отырған Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталандыру жөніндегі жобаны іске асыру жоспарланып отыр.
«Жобаның мақсаты:толыққанды Ұлттық біліктілік жүйесін құру, техникалық және кәсіптік білім беру, жоғарғы білім бағдарламалары мен оқыту өзектілігін арттыру;нысаналы бенефициарлардың еңбек дағдылары мен жұмыспен қамту салаларындағы нәтижелерді жақсарту, жоғары білікті мамандарды еңбек нарығының біліктілік талаптарына сай даярлау», - деді Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Т.Дүйсенова.
Жобаны іске асырудың күтілетін нәтижесі экономикалық дамудың перспективалы міндеттеріне сай келетін, жоғары технологиялық өндіріс ерекшеліктерін ескеретін заманауи біліктілік жүйесін құру, сондай-ақ, нарық ұсынысы мен сұранысы арасындағы теңгерімсіздікті азайтуға мүмкіндік беретін ағымдағы сұранысқа сәйкес еңбек нарығындағы ұсыныстарды дамыту болып табылады.
Жобаны аяқтау 2020 жылдың 30 маусымына жоспарланып отыр. Жобаны қабылдау жағымсыз әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкелмейді.
-
Тоқаев COVID-19-дан кейінгі қалыпқа келу, климат дағдарысы және Ауғанстандағы гуманитарлық жағдай туралы -
ІІМ: Терроризм актілері туралы жалған хабарламаларды ашу және тергеу шаралары -
Тимур Мұратов жолдау, қалалалық денсаулық сақтау саласы және кадр тапшылығын азайту шаралары туралы -
"Жусан" операциясы туралы деректі фильм жарыққа шықты -
Сенат: Әзербайжанмен көшi-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiм ратификацияланды -
Сенат ЕАЭО туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялады -
Мәжіліс: Азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғауға қатысты заң жобасы мақұлданды -
АҚИҰ мен «ҰАҒБО» КеАҚ ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды -
«Сайлау туралы» заңға өзгерістер енгізу: Ерекшеліктері мен мүмкіндіктері -
2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасының ерекшеліктері -
Мәжіліс отырысы: қашықтан жұмыс істеу, фeльдъeгepлік байланыс және жер қатынастары туралы Заңдар -
Мәжіліс отырысы: «Байқоңырдан» ұшатын зымырандар, мектептегі қауіпсіздік, мектеп емтихандарын болдырмау -
Алматы қаласы Алатау ауданының экономикалық дамуы туралы есеп берілді -
Мәжіліс отырысы: әлеуметтік кәсіпкерлік, «Ashyq» қосымшасының кемшіліктері, қандастардың ҰБТ тапсыруы -
2021-2025 жылдарға арналған ӘЭДБ мен республикалық бюджетті нақтылау туралы Заң жобасы