- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР-ның 3 облысында күрделі жөндеуден кейін 100 шақырым жол пайдалануға берілді
ҚР-ның 3 облысында күрделі жөндеуден кейін 100 шақырым жол пайдалануға берілді
Ақтау қаласын «Ерсай» теңіз портымен байланыстыратын, ұзындығы 59 шақырымға жететін республикалық маңызы бар Ақтау – Құрық жол учаскесінде күрделі жөндеу жұмыстары түгел аяқталды. Аталған жол III-ші техникалық категорияға жатады.
Шекаралық облыс ретінде Каспий аймағының коммуникациялық жүйесіне кіретін Манғыстау облысы ірі көлік-логистикалық және қызметтік потенциалға ие. Осыған орай, Ақтау – Құрық автожолын жөндеу - жолаушылар және жүк тасымалы үшін аса маңызды.
Жолда көлік павильондары, санитарлық блогы, демалу алаңы және жүк автомобильдеріне арналған сынақ эстакадасы бар 4 автобус аялдамалары салынған.
Қостанай облысында Қарабұтақ-Комсомольское-Денисовка-Рудный-Қостанай жолында жөндеу жұмыстарымен қатар, жол белгілерін, автопавильондар және басқа жол шаруашылығы элементтерін орнату жұмыстары аяқталды. Ұзындығы 42 шақырымға жететін жол III-ші техникалық категорияға жатады.
Аталған учаске Ақтөбе облысымен карым-катынасты камтамасыз етеді және Қазақстан орталығын Батыспен жалғайтын стратегиялық бағыттарының бірі болып саналады.
Қызылорда облысында Қызылорда-Жалағаш автожолының 79 шақырымында орналасқан көпірдің күрделі жөндеуі аяқталды. Айта кетсек, аталған көпірдің бірен-саран бөлігін ағымдағы жылы көктемгі су тасқын кезінде басып кеткен болатын. Жөндеу барысында «EVRASCON» ААҚ» мердігерлік ұйымымының күшімен аз уақытта ұзындығы 70 метр жолға асфальтбетон төселінді.
Күрделі жөндеу жасалған көпір арқылы өтетін жолды ашу - автокөліктердің жайлы және қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз етеді.
Жол жөндеу жұмыстары қатаң график бойынша жүргізілді. Барлық учаскілерде жол төсемдерінің конструкциясы жаңартылды.
-
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Коронавирустан кейін денсаулықты қалай қалпына келтіру қажет -
«Astana Media Week»: Ковидтан кейінгі әлем және салдары -
Қиын жағдайға тап болған көп балалы отбасыларға көмек беру жолдары қандай -
Тоқаев COVID-19-дан кейінгі қалыпқа келу, климат дағдарысы және Ауғанстандағы гуманитарлық жағдай туралы -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
Тимур Мұратов жолдау, қалалалық денсаулық сақтау саласы және кадр тапшылығын азайту шаралары туралы -
Президент жолдауынан басталған игі істер