- Басты
- Жаңалықтар
- Мәжіліс тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңға енген өзгерістерді мақұлдады
Мәжіліс тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңға енген өзгерістерді мақұлдады
Заң жобасының негізгі мақсаты тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы заңнаманы одан әрі жетілдіру болып отыр. Осыған орай 7 заңнамалық актіге, оның ішінде тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс, «Нормативтік құқықтық актілер туралы», «Жарнама туралы», «Сауда қызметін реттеу туралы», «Электр энергетикасы туралы», «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы», «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделген.
«Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы шарт тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында мүше мемлекеттердің азаматтары үшін олардың мүдделерін қорғау бойынша тең жағдайлар жасауға бағытталған келісілген саясат жүргізуді көздейді. Жалпы, ұсынылып отырған түзетулер уәкілетті органның құзыретін нығайтып, әлеуметтік жауапты кәсіпкерлік ортаны қалыптастыруға ықпал ететін тұтынушылардың қосымша құқықтық кепілдіктерін қамтамасыз етеді», - деп баяндады ҚР Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев.
Министрдің айтуынша, тұтынушылардың құқықтарын қорғау үшін тауарларды сатуға, қайтаруға және ауыстыруға қойылатын талаптар жетілдірілмек.
«Атап айтқанда, тұтынушының тауардың кемшілігіне қатысты талап қою мерзімдерін белгілеу, тауардың кемшіліктерін жою мерзімдерін нақтылау, сапасыз тауарды ауыстыру тетіктері қарастырылған», - деді Е.Досаев.
Сондай-ақ жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету жағдайларын нақтылау, оның ішінде ғимараттарға және құрылыстарға қатысты орындаушының қасақана жасырған кемшіліктері анықталған жағдайда талап қою мерзімін 3-тен 5 жылға дейін ұзарту көзделген. Бұған қоса, тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктерінің рөлін күшейту үшін олардың өкілеттіктерін кеңейту жоспарланып отыр.
-
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
Тоқаев COVID-19-дан кейінгі қалыпқа келу, климат дағдарысы және Ауғанстандағы гуманитарлық жағдай туралы -
ІІМ: Терроризм актілері туралы жалған хабарламаларды ашу және тергеу шаралары -
Тимур Мұратов жолдау, қалалалық денсаулық сақтау саласы және кадр тапшылығын азайту шаралары туралы -
Азаматтарды әлеуметтік қорғау: Заң жобасына енгізілген өзгерістер мен оның мүмкіндіктері -
Қостанай облысы: Сыбайлас жемқорлық қылмыстары, бизнесті қорғау және АШ-ты субсидиялау -
Мүгедектігі бар адамдардың құқығын қорғау бойынша заңнамаға түзетулер енгізілмек -
"Жусан" операциясы туралы деректі фильм жарыққа шықты -
Сарапшылар пікірі: «Президент тапсырмасы – адам құқығын қорғау тетіктерін күшейтуге бағытталған» -
Қоршаған ортаны қорғау: Заңдағы өзгерістер, «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасының іске асырылуы -
Қоршаған ортаны қорғаудың жаһандық проблемасы -
Сенат: Әзербайжанмен көшi-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiм ратификацияланды