• Басты
  • Жаңалықтар
  • Ә.Исекешев Қазақстандағы инвестициялық белсендігі үшін 10 шетелдік компанияны марапаттады (ФОТО)

Ә.Исекешев Қазақстандағы инвестициялық белсендігі үшін 10 шетелдік компанияны марапаттады (ФОТО)

9 Желтоқсан, 2015 11:27
Астанада ҚР инвестициялар мен даму министрі Әсет Исекешовтың қатысуымен шетелдік инвесторларды Қазақстандағы инвестициялық белсендігі үшін марапаттау рәсімі өтті.

«Бүгін 10 инвестор марапатталады, олар ағымдағы жылы өздерінің инвестициялық белсенділігін көрсете білді. Елбасы Жолдауда инвестициялық саясатты белсендірек жүргізуді тапсырды. Қазақстан инвестицияларға мүдделі және біз инвестициялық жұмыстарды жүргізуді жалғыстырамыз. Біз бірінші сараптаманы жүргіздік. 12 ұсынысты жүзеге асырдық, енді 2 сараптама бойынша жұмыс істеудеміз. Жақын арада ЭЫДҰ-ның инвестициялар бойынша комитетінің мүшесі боламыз деген үміттеміз», - деп мәлімдеді Әсет Исекешев.

ҚР ИДМ басшысы атап өткендей, Қазақстанда Инвесторлар кеңесі аясында Елбасының басшылығымен жұмыстар жүргізілуде.

«Ай сайын біз Елбасының басшылығымен кеңесте кездесеміз, инвестициялық климат, инвестициялық омбудсмен мәселелері бойынша жұмыс істейміз. 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап барлық инвесторлар үшін бір терезе әдісі қолжетімді болады. Барлық мемлекеттік органдар мен олардың 363 рұқсат беру қызметін инвесторлар бір терезеден алатын болады», - деп атап өтті министр.

Сонымен, қайта инвестициялау бойынша өздерінің инвестициялық белсенділігін көрсеткен  түркиялық компаниялар - BTM Group,  «Coca-Cola Icecek A.S.», жапониялық компания - Toyota Trusho Corporation, оңтүстік кореялық  компания Lotte Group,  франциялық Danone компаниясы марапатталды. 

Ал, жалпы инвестициялық белсенділігі үшін түркиялық компаниялар Daedong Industrial Co., LTD,  Abdi Ibrahim, америкалық компания Halliburton International Gmbh, фин компаниясы  Tikkurila және австралиялық-британиялық концерн Rio Tinto Mining and Exploration Ltd  марапатталды.

Сонымен қатар, министр атап өткендей, Қазақстан одан ары инвесторлармен жұмыс істеуді жалғастырады. Қазақстан инвесторлар үшін үздік аймаққа айналды және жаңа нарықтарға кіруде.

«Бізде 10 инвестор, олардың 5 жаңасы, 5 жұмыс істеп жатқан инвесторлар. Біз үшін жұмыс істеп жатқан инвесторлар өзін қолайлы сезінгені өте маңызды және осы бағытта жұмысты жалғастырамыз», - деп түйді Ә. Исекешев.

Айта өтейік, 2005 жылдан бастап 2015 жыл аралығында Қазақстанға тартылған тікелей шетелдік инвестициялар 215 млрд долл құрады.

Индира Кауметова

 

 

 

Барлық жаңалықтар