Мәжіліс жол жүрісі туралы заңға енген өзгерістерді мақұлдады

9 Желтоқсан, 2015 11:23
Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар «Жол жүрісі туралы» Қазақстан Республикасының заңына өзгерістер енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

Заң жобасын Мәжілістің бір топ депутаты әзірлеген. 2014 жылы қазанда «Жол жүрісі туралы» заң күшіне енді, онда ішкі істер органдарының қызметкері тоқтатқан жағдайда жолаушылардың көлік құралынан қызметкердің рұқсатынсыз кетуіне тыйым салынатын норма қамтылған.

Осыған байланысты заң жобасынан аталған тыйымды алып тастау ұсынылып отыр.Мәжілістің заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің заң жобасы бойынша әзірлеген қорытындысында атап көрсетілгендей, бұған қоса, онда жүргізушілердің тиісті жол белгілері және нұсқаулықтарымен белгіленген, тоқтау үшін арнайы бөлінген орындардан басқа, елді мекендердің жолдары мен көшелерінде тоқтауына тыйым салатын норманы тиісті инфрақұрылымның болмауына байланысты алып тастау көзделген.Депутаттардың айтуынша, заңның осы нормалары халық арасында біржақты қабылданбады және осы заң жобасын әзірлеуге себеп болды.Сондай-ақ, жұмыс тобы шеңберінде заң жобасын талқылау кезінде тұрақты комитеттер, депутаттар, саяси партиялардың фракцияларынан бірқатар ұсыныс пен ескертпе келіп түскен.

 

 

Барлық жаңалықтар