- Басты
- Жаңалықтар
- Елбасы бізге даму бағытын белгілеп, баршамызға сенім білдірді – Ө.Бейсенов
Елбасы бізге даму бағытын белгілеп, баршамызға сенім білдірді – Ө.Бейсенов
««Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» деп аталатын биылғы Жолдауында Елбасы дағдарыстың алдын алу стратегиялық бағдарламасын айқындап берді. Елбасы өз әрекеттерімен дағдарыс кезеңінің алдын алып отыратынын да біз білеміз», - деді Ө.Бейсенов.
«Бұған мысал: 2007 жылғы қаржылық дағдарыстың алдын алу бағдарламасы, Ұлттық қордың құрылуы. Міне, осы жолы да Президент дағдарысқа қарсы шешімдердің стратагемаларын нақты айқындап берді. Олар: өсім, реформа, даму. Жолдауда 2050 жылға дейінгі экономикалық өсудің қозғаушы күші болып табылатын «Нұрлы жол» экономикалық саясатына баса көңіл аударылатыны атап көрсетілді», - деді ол.
Ол атап өткендей, Жолдауда, 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап Ұлт Жоспарының шеңберінде қабылданған жаңа заңдар қолданысқа енгізілетінін атап өтті. Әрқайсымызға ел болашағы үшін үлкен жауапкершілік жүктелді.
«Жалпы, Жолдауда аталған шаралар – уақыт талабы, дамыған 30 елдің қатарына қосылу мақсатындағы қадамдар. Жүзеге асырылып жатқан түбегейлі реформалар мен атқарылып жатқан қыруар істердің барлығы ел болашағы үшін жасалуда», - деді хатшы.
«Елбасы бізге даму бағытын белгілеп, нақты мақсаттар қойып, баршамызға сенім білдірді. Ендеше, Елбасымыздың үмітін ақтайық! Елбасының кезекті Жолдауын басшылыққа ала отырып, кез келген дағдарысты еңсеріп, үлкен жетістіктерге қол жеткізетінімізге сенімдіміз», - деді Ө.Бейсенов.
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
«Astana Media Week»: Отандық БАҚ-тың дамуы, стратегиясы және фейк ақпаратпен күрес шаралары -
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Аманжол Әлтай Жолдауда көтерілген мәселелерге қатысты пікірін білдірді