• Басты
  • Жаңалықтар
  • Елбасымыздың Жолдауы мемлекеттің, қоғамның, экономиканың беріктігін, тұрақтылығын арттырады

Елбасымыздың Жолдауы мемлекеттің, қоғамның, экономиканың беріктігін, тұрақтылығын арттырады

10 Желтоқсан, 2015 09:07
Ұлын ұлықтап, ұлысы мен данасын хан көтерген халқымыз Елбасымызды әрдайым құрмет тұтып, ерлікті еңбегін сүйсініп келеді. Туған халқы алдындағы перзенттік және президенттік парызын өтей отырып, тәуелсіздіктің жиырма бес жылға жетер – жетпес кезеңінде Қазақстанды дүниеге танытты, деп Strategy2050.kz АА берген сұхбатында Щучье қазандық-механикалық зауыты серіктестігінің басшысы Марат Ахметов.

«Бүгінгі Қазақстанның дамуы және экономикамыздың өсіп-өркендеуі, әлемдегі қуатты мемлекетіміздің назарын өзіне аудара білді. Әуелі экономиканы жолға қоюдан бастаған тәуелсіздігіміз жыл сайын нығайып, еліміздің әлем алдында абыройы мен беделі асқақтай түсті. Бұл сөз жоқ Ел Басымыздың тынымсыз еңбектін, ақыл-ойының жемісі!», - деді облыс әкімдігі.

Оның айтуынша, жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі маңызды тарихи оқиға. Тәуелсіз Қазақстанның саяси тарихында «Қазақстан-2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекетіміздің жаңа саяси бағытының ел дамуындағы маңызы жоғары болды.

Еліміздің әлеуметтік-саяси өмірі мен жағдайын сипаттайтын әр Жолдаудың өзіндік салмақты жүгі бар.

«Әлемді дағдарыс шарпыған кезеңде «5 институционалды реформаны жүзеге асырудағы 100 нақты қадам» Ұлт жоспарының арқасында шағын және орта бизнес үшін әкімшілік кедергілер жойылады, мемлекеттік басқару, білім беру және денсаулық сақтау салалары жетілдіріле түседі. Аталмыш шаралар мемлекеттің, қоғамның, экономиканың беріктігін, тұрақтылығын арттырады деген сенімдеміз», - деді ол.

«Мен басқаратын Щучье қазандық-механикалық зауыты жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Қазақстандағы озық технологиясы бар әлемдік стандарттарға сай ірі бір өндіріске айналды. Серіктестігіміз бүгінгі таңда көңіл толарлықтай жақсы бір жетістіктерге қол жеткізсе, бұл игілікті істе Ел Басымыздың де зор үлесі бар. Біз әрқашан Президентіміз Н.Ә. Назарбаевтың аман-саулығың қалап, еліміздің бүгіні мен болашағы жолында атқарып жатқан еңбегіне сәттілік тілейміз», - деді Марат Ахметов.

 

Барлық жаңалықтар