• Басты
  • Жаңалықтар
  • Тегін кәсіби-техникалық білім беруді енгізу ҚР экономикасының дамуына оң әсер етеді – Мажарстан елшісі

Тегін кәсіби-техникалық білім беруді енгізу ҚР экономикасының дамуына оң әсер етеді – Мажарстан елшісі

9 Желтоқсан, 2015 10:19
Қазақстан мен Мажарстан халқы тарихи жағынан өте ұқсас. Бұл туралы Strategy2050.kz АА берген сұхбатында Мажарстанның Төтенше және Өкілетті елшісі Андраш Барани айтты.

«Мен ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың  Жолдауында алғаш рет болдым. Мен Нұрсұлтан Назарбаевтың баяндамасынан өте үлкен әсер алдым. Маған Елбасы айтқанының ішінде тегін кәсіби-техникалық білім беру туралы ерекше ұнады.  Венгерлік премьер-министр Виктор Орбан  да білім беру қоғамның негізі екенін айтқан болатын. Егер білім беру экономикаға, кәсіпкерлікке бет бұрса  экономика дамитын болады. Бұл орайда кәсіби-техникалық  білім беру аса маңызды. Сондықтан да Мажарстанда кәсіби-техникалық білімді дамытатын бағдарлама бар. Еңбек нарығының қажеттілігін қабылдау өте маңызды. Нұрсұлтан Әбішұлының бұл шешімі  Қазақстан экономикасына жақсы әсер етпек», - деді Андраш Барани.

Дипломат атап өткендей, Қазақстан мен Мажарстан тарихи жағынан өте ұқсас.

«Біз мажарлықтар Қазақстан халқын туыс ретінде қабылдаймыз. Біздің премьер-министр атап өткендей, Қазақстан біз үшін бір шаңырақ болып есептеледі», - деді Будапешттің ресми өкілі.

Данияр Қасымов 

 

 

 

 

Барлық жаңалықтар