- Басты
- Жаңалықтар
- Шымкентте жаңа өрт сөндіру депосы ашылды
Шымкентте жаңа өрт сөндіру депосы ашылды
Салтанатты шараға вице-министр В.Божко мен облыс әкімі Б.Атамқұлов қатысты. Ашылу салтанатында сөз алған облыс басшысы өңірімізде жыл сайынғы тұрғындардың өсіміне байланысты азаматтардың қауіпсіздігі, сондай-ақ төтенше жағдайларды ескерту мен оны жоюды қолға алу басты мәселелер екендігін айтты. Біздің аймаққа 118 өрт сөндіру депосы қажетті болса, оның 47-сі ғана осында орналасқан.
Осыны ескерген облыс әкімі Төтенше жағдайлар департаменті материалдық-техникалық базаны нығайтуға, жаңа өрт сөндіру депосының қүрылысына қаржы қарастыру қажеттігін айтты. Осыған байланысты бүгінде ҚР бюджеттік Кодексіне министрліктер мен ведомстволардан толықтырулар жөнінде сауалдар жасалуда. «Сыйымдылығы алты автокөлікке арналған жаңа өрт сөндіру бөлімінің құрылуы қосымша жұмыс орындарын ашуға жол ашады.
Бұл тұрғындарды жұмыспен қамту жөніндегі стратегияның жүзегеге асуына ықпал етеді. Өрт сөндіру депосының іске қосылуы осындағы тиісті бөлімшелердің төтенше жағдайларда жедел әрі ұйымдасқан түрде ауыздықтауына мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде материалдық шығындар мен адам өлімінің мейлінше аз болуына ықпал етпек»,- деді өз сөзінде В.Божко. Аймақ басшысы өрт қауіпсіздігі жүйесінің тұрақты жұмыс жасауына облыс әкімдігі тарапынан барлық жағдай жасалатынын сендірді. Айта кету керек, Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында соңғы 30 жыл ішінде бұл салынған депо бірінші болып отыр.
Төрт қабаттан тұратын өрт сөндіру депосы заманауи талаптарға сай құрал-жабдықтармен, тұрмыстық техникалармен, тұрғын жай бөлмелерімен қамтамасыз етілген. Нысанның аумағында оқу ғимараты, кәсіби біліктіліктерін шыңдауға арналған спорт алаңы да бар. Жаңа өрт сөндіру бөлімі «Достық» шағын ауданының және 58 500 халқы бар жақын орналасқан елді мекендердің өртке қарсы қорғауды қамтамасыз етеді.
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды -
Роза Мұқанова: Президент әр жолдауында саяси жүйенің жаңа формуласын ұсынып жүр -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Жаңа жолдау: Мемлекет басшысы қандай жаңа бастамаларды атады -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары