Мексика ЕАЭО-мен сауда-экономикалық байланысты кеңейтуге мүдделі

9 Желтоқсан, 2015 10:36
Мексика ЕАЭО-мен сауда-экономикалық байланысты кеңейтуге мүдделі. Бұл туралы елге жасаған Колегия мүшесі, ЕЭК макроэкономика және интеграцияның негізгі бағыттары бойынша Татьяна Валоваяның жұмыс сапары барысында мәлім болды, деп хабарлады ЕЭК.

Кездесу аясында Т.Валова Мексиканың экономика министрлігінің басшылығымен, Сыртқы сауда жөніндегі мексика кәсіпкерлік кеңесі, «ПроМексика» қорының  өкілдерімен кездесті.

«Мексикалық серіктестер  Еуразиялық экономикалық одақ елдерімен сауда-экономикалық байланыстың  кеңеюіне мүдделі», - делінген хабарламада.

Комиссияның өзге латын америкалық елдер – Чили мен Перу мемлекеттерімен оңтайлы байланысын ескере отырып, Сыртқы сауда  жөніндегі  Мексика экономика министрінің  орынбасары  Франциско Розенцвейг ЕЭК пен Мексика Үкіметі арасында меморандум құруды ұсынды.

 

Барлық жаңалықтар