• Басты
  • Жаңалықтар
  • Авиакомпаниялар мен жүк жөнелтушілер өз жүктерінің қозғалысын уақытылы бақылап отыра алады

Авиакомпаниялар мен жүк жөнелтушілер өз жүктерінің қозғалысын уақытылы бақылап отыра алады

9 Желтоқсан, 2015 11:07
Қазақстан Республикасының Монреаль Конвенциясына қосылуына байланысты Алматы қаласының әуе айлағы тестілік режимде алғашқы халықаралық авиажүктің жөнелтпе құжатын қабылдап алды, деп хабарлады ИДМ.

Бұл құжатты  КЛМ авиакомпаниясының жүк өңдеудің электронды жүйесінде жинақталып, авиарейстің баратын пункті – оңтүстік астана аэропортына жөнелтілді.

Электронды авиажөнелтпе құжатын енгізу авиациямен жүк тасымалдауды дамытуда бірталай артықшылықтар әкеледі, еліміздің транзиттік әлеуетін арттырады, ал авиакомпаниялар мен жүк жөнелтушілер өз жүктерінің қозғалысын іле уақытылы бақылап отыра алады.

Авиакомпаниялар, жүк агенттіктері, жер бетіндегі қызмет көрсететін кәсіпорындар мен кеден органдарына арналып әзірленген «Е-Freight» бағдарламасы электронды құжат алмасудың есебінен жүк авиатасымалы саласындағы қағаз құжаттарының айналымын жоюға бағытталған.  

«E-Freight» халықаралық стандартын енгізудің алғашқы кезеңі жүк авиатасымалының жөнелтпе құжатын қағаз түрінен  электронды форматқа ауыстыру болып табылатын бағдарламасы «Мемлекет басшысының бес институциалдық реформасын жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам» атты Ұлт жоспарын іске асыру аясында атқарылуда.

2015 жылғы наурызда ҚР Президенті Н.А. Назарбаев «Халықаралық әуе тасымалының кейбір ережелерін біріздендіруге арналған Конвецияны ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Конвенцияға қосылар алдында ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитеті екі жыл бойы жолаушылар құқығын қорғау жүйесін жетілдіру үшін орасан жұмыс атқарды.

 

 

Барлық жаңалықтар