- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада мемлекеттік қайраткер Жұмабек Ташеновтың 100 жылдығы құрметіне еске алу кеші өтті (ФОТО)
Астанада мемлекеттік қайраткер Жұмабек Ташеновтың 100 жылдығы құрметіне еске алу кеші өтті (ФОТО)
Іс –шарада Ж. Ташеновтың өмірі мен қызметін зерттеушілер, туыстары және оның өмірі мен қызметі жайлы әңгімелеп берген өзге де қонақтар болды. Сонымен қатар салтанатты іс – шара аясында қазақ сахнасының шеберлері, сонымен қатар Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ музыкалық – драма театрының әртістері өнер көрсетті. Бұдан басқа, кеш қонақтарына Ж. Ташеновтың өмірі жайлы видеофильм көрсетілді.
Іс – шара барысында болашақ Қазақстанның тәуелсіздігінің қалыптасуындағы тарихи маңызын ашып көрсеткен Ж. Тәшеновтың өмірі мен қызметі жайлы жазылған кітаптардың көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде қарапайым ауыл жігітінен КСРО жоғарғы кеңесі президиумының төрағасы қызметіне дейін көтерілген Ж. Тәшеновтың тұлғасының қалыптасуы жайлы энциклопедиялық мәліметтер келтірілген, сондай-ақ оның өмірбаянын зерттеушілердің кітаптары келушілерге көрсетілді.
Естеріңізге сала кетейік, Жұмабек Тәшенов кезінде Кеңес одағын ашса алақанында, жұмса жұдырығында ұстап тұрған Н. Хрущевтың «бөліп ал да, билей бер» деген әпербақан саясатына қарсы тұрып, бабаларымыз аманат етіп кеткен қазақтың қасиетті жерін қорғап қалған ұлт қайраткерінің бірегейі. Ол сол кездегі партиялық-репрессиялық саясатқа білімі мен біліктілігін, ұлттық намысы мен парасаттылығын қарсы қоя білген тұлға.
Бұдан бөлек, Жұмабек Ташенов Қазақ ССР министрлер Кеңесінің төрағасы болып қызмет етті. 1960 жылдың соңына таман Тың өлкесі ретінде Қазақстанның солтүстіктегі бес облысын біріктіріп, оны Қазақстан құрамынан шығару туралы пікірге ашық қарсы шықты. Халық алдындағы ерекше еңбегі үшін Ленин, Еңбек Қызыл Ту ордендерімен де марапатталған.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Кәсіпкерлік қызметті реттеу: Бизнеске жүктеме азайтылып, әкімшілік шығындар қысқартылады -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
Өндірістік жарақаттанудың алдын алу шаралары -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Адам саудасымен байланысты қылмыстардың алдын алу шаралары