- Басты
- Жаңалықтар
- 2016 жылы Самұрық-Қазына» АҚ белсенді инвестор ретіндегі басқару үлгісіне көшеді
2016 жылы Самұрық-Қазына» АҚ белсенді инвестор ретіндегі басқару үлгісіне көшеді
«Қордың коммерциялық бөлігі айтарлықтай күшейтіледі: қызметкерлердің 60 %-ы жаңа салаларды жандандырып, қазіргі стратегиялық активтер қоржынын басқарумен айналысатын болады», - деді ол.
Ө.Шөкеевтің айтуынша, Қордың жаңа қызмет үлгісі үш бағыттан тұрады: коммерциялық қызметтер (қазіргі активтер қоржынын басқару және жаңа компанияларды, индустрияларды дамыту), корпоративтік қызметтер (қаржы, адам ресурстарын басқару, операциялық қолдау) және мониторинг қызметі (жаңа комплеанс қызметін қоса алғанда).
«Самұрық-Қазына» АҚ хабарлағандай, жаңа ұйымдастырушылық құрылымда басқарма төрағасы орынбасарларының позициялары қысқартылып, топ-менеджерлердің саны 16-дан 9 басқарушы директорға дейін азайтылған.
Қызметтің қазіргі бағыттары, қор алдында тұрған пайда түсімін ұлғайту мен салалық қызмет түрлерін жинақтау міндеттері ауқымында қайта топталып, бөлінетін болады. Жаңа ұйымдастырушылық үлгі BCG, Deloitte сарапшыларының қатысуымен, көп салалы холдингтер мен дербес ұлттық әл-ауқат қорларына қолданылатын озық әлемдік тәжірибе негізінде жасалды.
«Осы тұрғыда, Қор болашақта қоржын компаниялардың қызметін үйлестіретін әкімшілік реттеуші емес, өзіндік құнды арттырып, пайда түсімін ұлғайтатын ұйымға айналады. Қор бірінші кезекте коммерциялық ұйым ретінде жұмыс жасайтын болады», - деді Ө.Шөкеев.
Сонымен қоса, жиында Қор мен оның қоржын компанияларын трансформациялаудың алғашқы нәтижелері зерделенді. Мәселен, «Қазмұнайгаз» ҰК АҚ ұңғымаларды іске қосу режимін оңтайландыру, тиімсіз қорларды басқару, бұрғылау мен өзге де шығындарды оңтайландыру бойынша 7 жобаны жемісті жүзеге асырып жатыр. Осы жобалар нәтижесінде өндіру көлемі 31 мың тоннаға өскен, ал жалпы күтіліп отырған қаржылық пайда - 300 млрд. теңге.
Қордың өз ішінде екі мыңдай үдеріс сынға ұшырап, түбегейлі қайта қаралды, қызметтің негізгі түрлерінің жүйесі енгізілді. Қазіргі кезде сатып алудың жаңа тұжырымдамасын бекіту, түрлі деңгейде сату-сатып алу үрдісін жүйелеуді халықаралық компаниялардың тәжірибесіне сүйене отырып енгізу жоспарланып отыр. Жаңа бастама жылына 380 млрд. теңгені үнемдеуге мүмкіндік беретін болады.
Жылдық жиналысқа қазақстандық, халықаралық сарапшылар қатысып, Қор компаниялары тобының трансформациясы жөнінде және одан күтілетін нәтижелер туралы өз ойларымен бөлісті. Жиын ашық, конструктивті пікірталас жағдайында өтті.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады