- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР ҰКП Елбасына 2015 жылғы қызметі жайлы баяндады
ҚР ҰКП Елбасына 2015 жылғы қызметі жайлы баяндады
Кездесу барысында Төралқа төрағасы Т. Құлыбаев пен Басқарма төрағасы А.Мырзахметов Мемлекет басшысына Ұлттық палатаның 2015 жылғы қызметі, сондай-ақ алдағы кезеңге жоспарлары туралы баяндады.
Қазақстан Президенті 2013 жылы құрылған Ұлттық палата осы жылдары үлкен жұмыс атқарғанын атап өтті.
«Атамекен» кәсіпкерлердің мүддесін білдіреді. Палата шағын және орта бизнесті қолдау мақсатында мемлекет тарапынан атқарылған көптеген шараларды жүзеге асыруға қатысты. Бес институционалдық реформа аясында 80-ге жуық заң қабылданды, оларды әзірлеуге Палата өз үлесін қосты. Бүгінде оларды іске асыратын кез келді», - деді Мемлекет басшысы.
Сонымен бірге Нұрсұлтан Назарбаев жекешелендіру үдерісінде отандық бизнестің мүддесін барынша қорғауды, мүлікті жария етуге қатысты түсіндіру жұмыстарын белсенді жүргізуді тапсырды.
Елбасы Қазақстанда өндірілген тауарларды, әсіресе сыртқы нарықтарда ілгері жылжытудың маңыздылығын атап өтті, сондай-ақ инвестиция тарту, ауыл шаруашылығы кооперациясы, жұмыспен қамту және ауылдық аймақтардың тұрғындарын оқыту салаларында «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасына белсенді жұмыс жүргізу қажет екендігіне тоқталды.
Өз кезегінде, Палата басшылығы кәсіпкерлерді қолдау орталықтары 188 аудан орталығында, моноқалаларда, шағын қалаларда бар екенін хабарлады. Бүгінде олардың базасында 212 мыңнан астам кәсіпкерге қолдау көрсетілді.
Ұлттық палата кәсіпкерлікті қолдау арқылы бизнес-ортаны жетілдіруге қатысып жатқаны аталып өтілді.
Ағымдағы жылы 6,9 мыңнан астам нормативті-құқықтық акт, соның ішінде 200-ден астам заң жобасына сараптама жүргізілді. Кәсіпкерлерден келіп түскен 9,6 мың шағымның 41% оң нәтижеге қол жеткізілді.
Сонымен қатар, сатып алу жүйесін және жергілікті қамтуды дамыту аясында 2014 жылы 1 тамыздан «Атамекен» ҰКП қолдауымен отандық өндірушілермен 334 млрд теңгеден астам қаржының 750 көпмерзімдік шартын жасасты.
Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы бірқатар тапсырма жүктеді.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
Ауғанстан: күн сайын өзгерген саяси ахуал жайлы -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметі мен Жас мамандар пулы жобасы -
ҚР энергетика саласы: Мұнай-газ саласы, жер қойнауын пайдалану және электр энергетикасы -
Аяқ киімді міндетті цифрлық таңбалау 2021 жылғы 1 қарашадан енгізілмек -
2020 жылғы республикалық бюджеттiң атқарылуы: Пандемия қалай әсер етті -
ҚР экологиясы: Ауаның ластануы, қоқыс жағатын зауыттар мен су мәселесі -
ҚР экономикасы: Бес айда не өзгерді -
Шетелден инвестиция тарту: 2020 жылғы жобалар, жаңа алгоритм және проблемалары -
Көлік құралдарын тіркеу, жүргізуші куәліктерін беру қызметі әлі қолжетімсіз