• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан әлемдік қауымдастықты ядролық қарусыздандыруға шақырмақшы – ҚР СІМ

Қазақстан әлемдік қауымдастықты ядролық қарусыздандыруға шақырмақшы – ҚР СІМ

8 Желтоқсан, 2015 19:34
АТОМ жобасының мақсаты әлемді Ядролық қару сынақтарына қарсы күреске біріктіру және ядролық қару негізінде жатқан ғаламдық қауіп-қатер диалогын жандандыру, деп ағынан жарылды ҚР СІМ халықаралық ақпарт комитетінің төрағасы Роман Василенко «Strategy2050.kz» АА берген эксклюзивті сұхбатында.

2012 жылдың тамызында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Астанадағы үлкен халықаралық парламенттік конференцияда сөз сөйлеп, ядролық қаруға сынақ жүргізуге толық тыйым салатын, соңында ядролық қаруды жоятын жаһандық қоғамдық қолдауға қол жеткізу мақсатындағы АТОМ Жобасын жариялағаны белгілі. АТОМ Жобасы - 21 жылдан бері жүзеге асырылып келе жатқан жаһандық ядролық қарусыздануға қол жеткізудің іс-әрекеттері мен ұстанымының дәстүрін жалғастырған Президент Назарбаевтың жаңа бастамасы.

 «Менің ойымша Елбасы бұл бастамасымен әлемдік қауымдастыққа тығырықтан шығудың жаңа жолын тағы бір рет көрсетті», - деді сөз басында Р. Василенко, бұған дейін ол ҚР СІМ аса маңызды тапсырмалар бойынша  елші қызметін атқарған.

Оның айтуынша, өткен 3 жылда шетелде және мемлекет ішінде Атом жобасына арналған  100-ден астам шара өткізілді.

«Елбасының бұл бастамасы әлемдік қауымдастықтың қолдауына бірден ие болды. БҰҰ-ның Женева мен Нью-йорк қалаларындағы штаб-пәтерлерінде арнайы таныстырылымы өтті. Жалпы, олар үшін Қазақстанның әлем қауымдастығы назарын аталмыш проблемаға қалай аударары қызықты болды», - деп атап өтті комитет төрағасы.

Р. Василенко есептеуінше, Қазақстанның Семей полигонында шамамен 500-дей ядролық қару сынақтары өткізілді.  Сынақтар өткізілген жылдары 1,5 млн адам зардап шекті.

«Жалпы, АТОМ жобасының мақсаты әлемді Ядролық қару сынақтарына қарсы  күреске біріктіру және ядролық қару негізінде жатқан ғаламдық  қауіп-қатер диалогын  жандандыру; әлем басшыларына Ядролық қару сынақтарын тоқтатуына  ықпал ету; ядролық қару сынақтарын әлем бойынша жоюға бағытталған келісімінің заңды құралы  ретінде күшіне  енуін қамтамасыз ету үшін, Петицияны Ядролық қаруларды сынауға тыйым салу туралы келісімге  қол қоймаған немесе келісімшартты  бекітпеген ядролық ірі мемлекеттерге ұсыну», - деп түсіндірді ол.

Айта өтейік, бүгінде Атом жобасының онлайн петициясына әлемнің 100 мемлекетінен шамамен 220 мың адам қол қойды.

Анар Тәңірқұлова

Барлық жаңалықтар