• Басты
  • Жаңалықтар
  • Ұлттық банк қазақстандық банктердің бәсекеге қабілеттілігі мен қаржылай тұрақтылық деңгейінің артуын күтуде

Ұлттық банк қазақстандық банктердің бәсекеге қабілеттілігі мен қаржылай тұрақтылық деңгейінің артуын күтуде

8 Желтоқсан, 2015 19:52
Ұлттық банк ЕКБ-ге стресс-тестілеу жүргізеді. Бұл жұмыстың қорытындысы 2016 жылдың қыркүйегінде ұсынылатын болады, деп мәлімдеді ҚР Ұлттық банкінің төрағасы ҚР Үкіметі отырысында.

«Ұлттық банк тарабынан қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған жұмыстар жалғасатын болады. ЕКБ-ге стресс-тестілеу жүргізіледі. Оның нәтижесі стресстік сценарийді жүзеге асыруда банктердің әлеуеттік шығындарының көлемін және капиталдандырудің қажетті ауқымын бағалауға мүмкіндік береді. Бұл жұмыстың қорытындысы 2016 жылдың қыркүйегінде ұсынылатын болады»,-  деді Д.Ақышев.

Сонымен қатар ол қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету бағытында Ұлттық банк мерзімдері бойынша Базель-3-ке барынша жақын халықаралық стандарттарды бір мезгілде олардың қайталанатын ағымдағы нормалары мен лимиттерін жоя отырып ендіру есебінен реттеуші талаптарды оңтайландыруды жүргізетіндігін айтты.

«Бұл шаралардың нәтижесі отандық банктердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру болуы тиіс. Аталған жайт Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі және ЕАЭО жұмыс аясындағы  бәсекелестіктен жалтаруға мүмкіндік беруі қажет», - деді ол.

Барлық жаңалықтар