Шымкентте жаңа емхана ашылды

7 Қараша, 2013 11:40
Шымкенттің жаңа әкімшілік орталығында бүгін 500 адам қабылдайтын қалалық емхана пайдалануға берілді, деп облыстың баспасөз қызметі хабарлады.

«Емхана жаңа диагностикалық құрал-жабдықтармен, атап айтқанда, сәулелік (маммографияны қосқанда), функционалдық, эндоскопиялық, биохимиялық, иммунологиялық диагностикамен қамтылған. Емхана 226 медицина қызметкерлері мен қызмет көрсетуші персоналдарды жаңа жұмыс орнымен қамтып отыр», - деп хабарламада нақтыланған. 

Барлық жаңалықтар