• Басты
  • Жаңалықтар
  • Свинц, мырыш зауыттарының бірігуі пайдалы құраушыларды 100 пайыз игеруге мүмкіндік береді – сарапшы

Свинц, мырыш зауыттарының бірігуі пайдалы құраушыларды 100 пайыз игеруге мүмкіндік береді – сарапшы

8 Желтоқсан, 2015 17:04
Свинц, мырыш зауыттарының бірігуі пайдалы құраушыларды 100 пайыз игеруге мүмкіндік береді, деді ОКҚ-да «Тау-кен Самұрық» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Қылышбек Ізбасқанов.

«Бізде бірқатар тау кен орындары бар. Мәселен, Алайғыр кен орны. Барлық өнімді біз бір алаңда тоғыстырғымыз келеді. Свинц, мырыш зауыттарының бірігуі пайдалы құраушыларды 100 пайыз игеруге мүмкіндік береді», - деді ол.

Айта кетейік, ксондай-ақ, кремний зауытын оңалту жөніндегі жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарының аяқталуы Қазақстанның кремний саласын одан әрі дамыту үшін, келешекте сәулелік кремний өндірісіне шығу үшін негіз қалады. Катар Республикасымен ынтымақтастық аясында қазіргі уақытта, сапалы сәулелі кремний өндірісін ұйымдастыру бойынша кремний өндірісін дамытудың перспективалық мәселелері қаралуда. Нақтырақ айтқанда, ынтымақтастықтың екі нұсқасы қарастырылуда: біріншісі – Қатар Республикасымен бірлескен кәсіпорын құру; екінші – шартты негізде кремний жеткізу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Барлық жаңалықтар