Барлық актив түрлерінің бағасы теңге бойынша көрсетіледі – Ұлттық банк

8 Желтоқсан, 2015 17:21
Қазақстандық экономикада теңгенің рөлін көтеру үшін экономикалық ынталандыру шаралары ғана емес, өзге кешенді шаралар жүзеге асырылады. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев мәлімдеді.

Мәселен, активтердің барлық түріне баға беру тек теңгеде ғана жүзеге асырылады. Ақышев атап өткендей, осы сынды бастамалар Ұлттық банк пен Үкіметтің тығыз жұмысының арқасында ғана жүзеге асады.

Жүргізілетін шаралар аясында мәлім болғаны, Ұлттық банк қызметі қоғамға, қаржы мекемелеріне және меморгандарға жеткізіледі. 

Барлық жаңалықтар