• Басты
  • Жаңалықтар
  • Д.Ақышев: Ұлттық банк үшін негізгі басым міндет - инфляцияны ортамерзімді аралықта 4 пайызға дейін төмендету

Д.Ақышев: Ұлттық банк үшін негізгі басым міндет - инфляцияны ортамерзімді аралықта 4 пайызға дейін төмендету

8 Желтоқсан, 2015 16:41
Ұлттық банк үшін негізгі басым міндет - инфляцияны ортамерзімді аралықта 4 пайызға дейін төмендету. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкі төрағасы Данияр Ақышев мәлім етті.

«Үкімет пен Ұлттық банктің дағдарысқа қарсы жоспары аясында, инфляцияны  6-8 пайыз шамасында ұстап тұру және ортамерзімді аралықта 4 пайызға дейін төмендету басым  міндет болады», - деді Д.Ақышев.

Оның атап өтуінше, бұл Ұлттық Банктен де, Үкіметтен де экономикалық реформаларды іске асыру, ақша-кредит саясатын жүргізу барысында  айтарлықтай күш-жігер жұмсауды талап етеді.

«Түпкілікті мақсатымыз  - кредиттік және инвестициялық белсенділіктің өсуі, еліміздегі ақшаның және қаржының тұрақтылығын қамтамасыз ету. Оған алдын ала болжанатын және төмен инфляция деңгейі ықпал ететіндігі белгілі», - деді ол.

Барлық жаңалықтар