• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстандағы кәсіпкерліктерде зиянды өндіріс орындары жұмыскерлерінің зейнетақы жарнасы бойынша нормалар қарастырылуда

Қазақстандағы кәсіпкерліктерде зиянды өндіріс орындары жұмыскерлерінің зейнетақы жарнасы бойынша нормалар қарастырылуда

7 Қараша, 2013 12:15
Құрамына ҚР Парламент Сенаты мен Мәжіліс депутаттары, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жауапты қызметкерлері мен әлеуметтік әріптестер енетін республикалық жұмыс тобы денсаулыққа зиянды (өте зиянды) жағдайдағы кәсіп тізіміне енгізудің көрсеткіштері мен шарттарын дайындады, деп хабарлайды Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.

«Мемлекет басшысы өзінің Қазақстан халқына Үндеуінде азаматтардың 10 пайыз міндетті зейнетақы жарнасына жұмыс беруші тарапынан қосымша 5 пайыз міндетті төлем енгізу керектігін тапсырған болатын. Бұл зиянды өндіріс орындарында еңбек ететін азаматтардың зейнетақымен қамтамасыз етілуін жақсартпақ. Осы мақсатта республикалық жұмыс тобы денсаулыққа зиянды (өте зиынды) жағдайдағы кәсіп тізіміне енгізудің көрсеткіштері мен шарттарын дайындады. Яғни, кемінде 80 пайыз жұмыскерлер зиянды (өте зиянды) жұмыс шартында еңбек ету мен жұмыстың ерекшелігіне байланысты зиянды еңбек жағдайының сақталуы зиянды еңбек жағдайындағы өндіріс орны болып есептелмек», - делінген хабарламада.

Айта кету керек, еліміздің әр өңіріндегі республикалық жұмыс тобының  өкілдері зиянды еңбек жағдайындағы ұйымдарды анықтау мақсатында анықтама жұмыстарын жүргізді.

«Барлығы 247 кездесу өткізілді. Онда еліміздің 503 кәсіпкерліктері мен ұйымдары қатысты», - деп хабарлайды ЕЖӘҚМ.

Қазіргі таңда аталмыш тізім Үкіметтің Қаулысына енгізілуі үшін мемлекеттік органдардың келісімін алу процедурсын өткеріп жатыр.

 

 

Барлық жаңалықтар