Қарағанды облысындағы зауыт бір жыл ішінде 12 мың тонна кремний өндірді

8 Желтоқсан, 2015 16:03
2014 жылдың қазанынан 2015 жылдың қарашасына дейін Қарағанды облысының Кремний зауыты 12 мың тонна өнім шығарған, деді ОКҚ-да «Тау-кен Самұрық» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Қылышбек Ізбасқанов.

2014 жылдың 2 қазанында Кремний зауытында электрлік кентермикалық пеш іске қосылды. Ізбасқановтың айтуынша, қазіргі таңда номер 1 пеші штатық режимде жұмыс істеуде, металдың жоғары сапалы түрін өндіруде. 2014 жылы бұл пеште 1834 тонна тауарлы кремний шығарылса, 2015 жылы 6000 тонна шығарылды. Дайын өнім АҚШ-қа, Еуропа мен Ресейге экспортталды.

«2015 жылдың 25 қыркүйегінде жаңғыртылған пештен алғашқы метал шығарылды. 2.Қазіргі таңда пеш толық режимде жұмыс істеп тұр. Онда 1000 тонна металлургиялық кремний шығарылады.

Қ.Ізбасқанов атап өткендей, бір пештің сыйымдылығы 35 МВт. Оның айтуынша, кремний өзінің таза салмағында энергия үлесі электр энергиясына түседі. Жаңа тарифтік саясаттың енгізілуі кәсіпорынның экономикалық көрсеткішін жақсартып, тарифті түсіруге мүмкіндік береді.

 

Барлық жаңалықтар