- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР Қорғаныс министрі Құрлық әскерлері Әскери институтының үздік офицер түлектерін марапаттады (ФОТО)
ҚР Қорғаныс министрі Құрлық әскерлері Әскери институтының үздік офицер түлектерін марапаттады (ФОТО)
Бұл бозбалалар екі жыл бұрын әскери институтты тәмамдап, Қазақстанның Қарулы Күштеріндегі әскери қызметте жоғары нәтижелерге қол жеткізді.
«Жақын арада Мемлекет басшысы Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауын жариялады. Жолдауда «заманауи жаһандық шынайылықтың айтып келмейтін қауіп-қатеріне» назар аударып, әлемдегі және еліміздің төңірегіндегі қалыптасқан ахуалдың барлық қауіптілігін атап өтті. Бұл жерде басты әңгіме қауіпсіздікті қамтамасыз етуде болып отыр. Осынау қауіпсіздіктің кепілі Отан қорғаушыларға тәрбие беріп жүрген кәсіби офицерлер мен жауынгерлік қабілетті армия болып саналады. Олар жауынгерлік әзірлікті нығайтып қана қоймай, жалпы Қарулы Күштердің жоғары рухы мен айбындылығын асқақтатуға күш салады. Бүгінгі шараның дәстүрлі сипатына қарамастан, өзінің мән-мағынасы бойынша ерекше маңызға ие. Бұл жастардың көшбасшылық қасиеттерін қолдауға бағытталған Елбасы бастамаларының нақты жалғасы», - деді ҚР Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов.
Өзінің күш-жігерін әскери қызметке сарп еткен офицерлер бүгінде қажырлы еңбектерімен қазақстандық армия Құрлық әскерлерінің қорғаныс қабілеттілігін нығайтуға атсалысуда. Бүгін ҚР қорғаныс ведомствосы басшысының қолынан жас офицерлер грамоталар, бағалы сыйлықтар және «Үздік маман командир» қапсырмаларын алды. Жас офицерлер және жауынгерлік сайыстың үздіктерімен кездесу жыл сайынғы дәстүрге айналып, жастарды және олардың көшбасшылық қозғалысын қолдау жөніндегі Елбасының саясатын іске асырудағы айтулы шара болып отыр.
«Екі жыл бұрын Құрлық әскерлерінің Әскери институты қабырғасында пилоттық негізде офицерлердің кәсіби болашағын ғана емес, сонымен бірге олардың командалық көшбасшылық қасиеттерін айқындайтын бірегей тетік жүзеге асырылған болатын. Бүгін байқағанымыздай, аталған жобаның нәтижелері жүйенің сәтті орындалғандығын және өзінің бастапқы мақсатын ақтағандығын көрсетті», - деп атап өтті ҚР Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов.
Жас офицерлер тобының қызметін бағалау қорытындысы олардың екі жыл уақыт ішінде жоғары жетістіктерге жеткенін көрсетті. Олардың 90 пайызы жоғары әскери лауазымға ұсынылды.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
Елордадағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінде алғашқы оқуға іріктеу аяқталды -
Үздіксіз білім берудің әлеуеті қалай -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындары оқуға қабылдауды жүргізуде -
ҚМ: Әскери ынтымақтастық, жауынгерлік дайындық және әскери білім беру мәселесі -
6 шілде: Назарбаевтың өмірбаяны, еңбек жолы және үздік бастамалары -
ҚР энергетика саласы: Мұнай-газ саласы, жер қойнауын пайдалану және электр энергетикасы -
ІІМ республикалық “Серт” байқауының жеңімпаздарын марапаттады -
Медицина қызметкерлерi күнi: Сала үздіктері Елбасы кiтапханасында бас қосты -
ҚР экологиясы: Ауаның ластануы, қоқыс жағатын зауыттар мен су мәселесі -
ҚР экономикасы: Бес айда не өзгерді -
ТЖМ: шомылу маусымы, Риддердегі өрт пен Алматыдағы жер сілкінісінің алдын алу