• Басты
  • Жаңалықтар
  • Маңғыстаудағы отандық сүт зауыты – аймақтық бизнесті дамытудың озық үлгісі (ФОТО)

Маңғыстаудағы отандық сүт зауыты – аймақтық бизнесті дамытудың озық үлгісі (ФОТО)

8 Желтоқсан, 2015 17:38
«Жаңаөзен сүт зауыты» - Маңғыстау облысында сиыр мен түйе сүтін өңдейтін ірі кәсіпорындардың бірі. «Даму» қорының қолдауына ие болған ол аймақтық бизнесті дамытудың озық үлгісіне айналды.

Ауыл шаруашылығы өндірісін ұйымдастыру – оңай шаруа емес. Ал, ол жылдам бұзылатын азық-түлік өнімі болса тіптен қиын. Жаңаөзен қалалық сүт зауыты 1976 жылы салынды. Алайда 2001 жылы кәсіпорын шығынға ұшырады, ұжымның жағдайы мүшкіл еді, себебі алда банкроттық тұрған болатын. Алайда бүгінгі басшы Сәуле Жақаеваның келуіне байланысты «Жаңаөзен сүт зауыты» облыстағы мықты кәсіпорынға айналды.

Кәсіпкер келгеннен кейін кәсіпорынның барлық нысанына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде қызметті жетілдіру бір жолға қойылды, тауарлар түрі артырылды, жұмысшылар көбейді.  

Сол кезден бастап күні бүгінге дейін өндіріс ошағы жаңғыртылып келеді. «2002 жылы  біз «Жаңаөзен сүт зауытын» аштық.  Бүгінде ол 18 түрлі өнім өндіреді. Олар  құрт, ірімшік, балқаймақ, шұбат, жент және т.б. Айына 400 тонна өнім өндіріледі. Бұдан басқа, зауытта йогурт сусындары, айран, қаймақ, сүт, ірімшік және кілегей. Ағымдағы жылы түйе сүтінен балаларға арналған йогурт өндіре бастадық – ол өте пайдалы өнім», - деді С.Жақаева «Strategy2050.kz» АА.

Жалпы біз сиыр сүтінен өндірісті бір жолға қойғаннан кейін, 2006 жылы шұбат өндірісін іске қосуды жүзеге асыра алдық. Соңғы жылдары оның өндірісін арттыруға күш жұмсалуда.

«Бүгінде зауытта 130 жұмысшы жұмыс істейді, олардың басым бөлігі әйелдер. Айта кетерлік жайт жұмысқа жастарда белсенді араласуда. Жергілікті әкімдікпен де жақсы байланыс орнатылған. 2016 жылдың қаңтар айынан бастап Астанаға шұбат жеткізуді көздеп отырмыз», - деді С.Жақаева.

Ботагөз Айтжанова

Барлық жаңалықтар