• Басты
  • Жаңалықтар
  • Д.Назарбаева тегін кәсіби-техникалық білімді енгізу жөніндегі жұмыс тобын басқарады

Д.Назарбаева тегін кәсіби-техникалық білімді енгізу жөніндегі жұмыс тобын басқарады

8 Желтоқсан, 2015 15:18
Үкімет жанындағы тегін кәсіби-техникалық білімге көшу жөніндегі жұмыс тобын басқару ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Дариға Назарбаеваға жүктелді. Бұл жайында бүгін Үкімет отырысында еліміздің Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов мәлім етті.

«Барлығы үшін тегін кәсіби-техникалық білім жобасын енгізу жөніндегі жұмыс тобын құру туралы өкімге қол қойғандығымды атап өткім келеді. Жұмыс тобын Дариға Нұрсұлтанқызы (Назарбаева) басқарады», - деді Үкімет басшысы.

Белгілі болғандай, 30 қарашада Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев елде 2017 жылдан бастап тегін кәсіби-техникалық білім енгізуді тапсырған болатын.

ҚР Білім және ғылым министрлігі жобаны жүзеге асыру үшін кәсіби және техникалық білім берудің келер жылына жоспар құруы тиіс.

Индира Кауметова

Барлық жаңалықтар