- Басты
- Жаңалықтар
- 2016 жылы броньды дөңгелекті машина шығару көзделіп отыр (ФОТО)
2016 жылы броньды дөңгелекті машина шығару көзделіп отыр (ФОТО)
«Осындай жоба Орта Азияда алғаш рет жүзеге асырылуда және қорғаныс пен машина құрастыру индустриясында үдемелі жетістікке қол жеткізуді қамтамасыз ететін жоғары табысты бірлескен кәсіпорын құруға мүмкіндік берді. Зауыттың өндірістік қуаты жылына 120 броньды дөңгелекті машина шығаруды көздейді. Өнім Қазақстан үшін жасалады және оны шетелге экспорттауға да мүмкіндік бар», - дейді Ербол Сәлімов.
Оның айтуынша, заманауи жоғары технологиялық тиімді жабдық металл табағын лазермен ашу, броньды табақтарды дәнекерлеу, лак-бояу жабындарын жағу, құрастыру жұмыстары, сапаны қатаң бақылауға алу сияқты бірқатар жұмыс циклін іске асыруға мүмкіндік береді.
Зауыттың техникалық жабдықталуы әскери және азаматтық мақсаттағы дөңгелекті техникаларды өндіруге мүмкіндік береді. Зауытта шығарылатын барлық техника халықаралық стандарттарға сай келеді.
Аталған жоба «Қазақстан инжиниринг» Ұлттық компаниясы» АҚ, «Қазақстан инжиниринг Дистрибьюшн» ЖШС және «Парамаунт групп» (ОАР) компанияларының қатысумен жүзеге асырылады.
Атап өтсек, «Paramount Group» - жаһандық қорғаныс, бітімгершілік күштер мен ішкі қауіпсіздікті қамтамасыз ететін Африкадағы ірі жеке әуе ғарыштық және қорғаныс компаниясы.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі -
Елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының отырысы өтіп жатыр -
Машина жасау: Өндіріс көлемі, экспорт және саланың өзекті мәселелері -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр -
Бекшин: Алматыда Covid-19-дың өршу шыңы 10-12 тамызда деп болжанып отыр -
Машина жасау: Автомобиль құрастыру, металл өнімдері және өндіріс көлемі -
Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметі мен Жас мамандар пулы жобасы -
Үкімет отырысында Тоқаев қандай тапсырмалар берді -
2 млрд ағаш отырғызу: Егілетін ағаш түрлері, іске асыратын ұйымдар және қаржыландыру мәселесі -
ИИДМ: Өңдеу өнеркәсібі, машина жасау, теміржол көлігінің дамуы және тұрғын үй саласы