• Басты
  • Жаңалықтар
  • С.Сағынғалиева: Президенттің Қазақстан халқына Жолдауында әлеуметтік салаға ерекше назар аударылған

С.Сағынғалиева: Президенттің Қазақстан халқына Жолдауында әлеуметтік салаға ерекше назар аударылған

8 Желтоқсан, 2015 18:43

Елбасымыздың биылғы Жолдауында да әлеуметтік мәселелер кеңінен қамтылды. Оның ішінде Елбасымыз дамыған отыз елдің қатарына қосылуға бастайтын бір ғана күш – елдің бірлігі мен еңбек, білімге құштарлығы екендігін баса айтты, деді Байғанин аудандық жастар ресурстық  орталығының басшысы Сая  Сағынғалиева.

«Елбасымыз әр жолдауында жастарымызға баса назар аударып, тоқталып өтеді. Осы жолы да жастармызды тыс қалдырмады.Жастарымызға жақсы білім алып, талмай еңбек еткенде ғана ел мүддесі жолында жұмыс жасауға болатынын айтты», - деді С.Сағынғалиева.

 Сонымен қатар Елбасымыз ХХІ ғасырда жастарымызға: «Жұмыс пен сұраныс бар өңірге батыл барыңдар. Шеберліктің шыңына жете білсеңдер  мамандықтың бәрі жақсы. Қазір техникалық мамандықтардың, ғылым мен инновацияның күні туған заман. Ерінбей еңбек еткен, талмай ғылым іздеген, жалықпай техника меңгерген адам озады. 

«Тұрмысы жақсы, абыройы асқақ болады» деп өзінің кеңесін айтты.  Жұмыс жоқ деп үйде отырған, жастарымыз өте көп. Осы жолдауда жастарымызға, әсіресе ауыл жастарына ауыл шаруашылық, кәсіпкерлік бағытын дамыту, жұмысшы болудан қорықпау, ұялмау керектігін айта отырып, өз өмрінен мысал да келтірді. Қазіргі жүзеге асырылып жатырған реформалар жастар үшін, болашақ үшін жасалуда екендігін Елбасымыз атап өтті.  Осындай болашағы жарқын елде өмір сүру біз үшін бақыт, жастар біздің болашағымыз Елбасымен жарқын! Елбасымен жарқын болашаққа бірге барайық!», - деді ол.

Барлық жаңалықтар