Таразда алғашқы республикалық театр фестивалі өтуде

7 Қараша, 2013 11:45
Жамбыл облысының облыс орталығында алғаш рет республикалық театр фестивалі ашылды. Үш күннің ішінде қазақстандық кино мен театр әртістері сахнада өз шеберліктерін паш етпек, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

«Атақты театр қайраткерлері фестивальдің ерекшеліктері мен сахна өнерінің қазіргі таңдағы өзекті мәселелерін талқылады», - делінген хабарламада.

Хабарламада айтылғандай, аталмыш шараға қатысуға ниет білдірген театр ұжымдары іріктеу сынынан өткізілді. Бас-аяғы 10 қойылым іріктеліп, жеңімпаздар 6 номинация бойынша марапатталмақ.

Фестиваль Бақтияр Әбілдаев пьесасы желісіндегі Әлия Баймаханованың «Айша Бибі» спектаклімен ашылды.

 

 

 

 

Барлық жаңалықтар