• Басты
  • Жаңалықтар
  • «Теңізшевройл» кен орнын кеңейту мұнай өндіруді жылына 38 млн тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік береді

«Теңізшевройл» кен орнын кеңейту мұнай өндіруді жылына 38 млн тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік береді

8 Желтоқсан, 2015 14:12
«Теңізшевройл» кен орнын кеңейту мұнай өндіруді жылына 26 млн-нан 38 млн тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік береді, деп мәлімдеді ҚР энергетика вице-министрі Мағзұм Мырзағалиев.

«Мұнай өндіру саласында «Теңізшевройлды» болашақта кеңейту жобасын қаржыландыру мәселесі бойынша нақты шешімді серіктестер қабылдайды деп күтілуде. Шешім қабылданған жағдайда аталған компания мұнай өндіруді жылына 26 млн-нан 38 млн тоннаға дейін жекізетін болады. Бұған қоса, құрылыс барысында шамамен 20 мың жұмыс орны құрылады», - деді ол ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысында.

М.Мырзағалиевтің айтуынша, «Қашағанды мұнай желісін ауыстыру жұмыстары кестеден біршама ілгері жүргізілуде».

Оның мәліметінше, 2016 жылдың соңына қарай мұнайды коммерциялық өндіру жанданады деп күтілуде.

«2020 жылға қарай мұнай өндіру 13 млн тоннаға жетеді», - деп мәлімдеді вице-министр.

Сонымен қатар, вице-министр «Қарашығанақ» кен орнын жобалау аяқталуға жақын қалғанын атап өтіп, болашақта кеңейту жобасын жүзеге асыруға көшу туралы инвестициялық шешім 2018 жылы қабылдануы мүмкін екендігін айтты.

«Бұл ұзақ мерзімді келешекте мұнай өндірудің қол жеткізген деңгейін сақтауға, сонымен бірге қосымша жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді», - деді М.Мырзағалиев.

 

Барлық жаңалықтар