• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан кадр дайындайтын орталықтарды құру үшін шетелдік мамандарды шақырады

Қазақстан кадр дайындайтын орталықтарды құру үшін шетелдік мамандарды шақырады

8 Желтоқсан, 2015 14:01
Қазақстан кадр дайындайтын орталықтарды құру үшін шетелдік мамандарды шақырады, деді ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов Үкіметтің кеңейтілген отырысында.

«Кадр дайындайтын орталықтарды құруды шетелдік елдермен жүзеге асыру бағыты бойынша жұмыс жүргізілуде. Аталмыш орталықтар Атырау мен Астана оқу мекемелері жанынан ашылады», - деді министр.

А.Сәрінжіповтың айтуынша, аталмыш орталықтарды дамыту үшін Германия, Австралия, Сингапур, Канада, Ұлыбритания елдерінен серіктестер тартылады.

«Бұл орталықтар Қазақстан колледждерін дамытуға атсалысады», - деді ол.

Барлық жаңалықтар