ШОБ-ті қолдау үшін АДБ желісі бойынша 200 млн доллар тартылады

8 Желтоқсан, 2015 13:49
2016 жылы Азия даму банкі желісі бойынша ШОБ қолдау мақстатында қосымша 200 млн доллар тарту жоспарланған, деп мәлімдеді «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарма төрағасы Қуандық Бишімбаев.

«Азия даму банкі желісі бойынша ШОБ қолдауға қосымша 200 млн доллар тарту жоспарланған. Оның ішінде шамамен 40 млн долларды микронесиелік ұйымдарды қолдау қорын құруға тарту жоспарланған, олар микронесиелер арқылы жеке шаруашылықпен айналысатын жеке кәсіпкерлерді несиелейді», - деп мәлімдеді Қ.Бишімбаев ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысы барысында. 

Бұдан өзге, оның мәліметінше, «2017 жылдың соңына дейін 2014-2015 жылдары игерілген ірі несие желісі аясында 110 млн доллар тарту жоспарланған».

Барлық жаңалықтар