• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан мен ДДҰ Еуропа аймақтық бюросы әріптестік туралы келісімге келді

Қазақстан мен ДДҰ Еуропа аймақтық бюросы әріптестік туралы келісімге келді

7 Қараша, 2013 11:30
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропа аймақтық бюросы мен ҚР Денсаулық сақтау министрлігі әріптестік туралы Екіжақты келесімге қол қойды, деп хабарлайды ДСМ баспасөз қызметі.

«Өзара келісім ДДҰ ЕАБ Еуропадағы денсаулық сақтау саласының жетілуі мен Еуропа аймақтық комитетінің 62-інші сессиясында қабылданған «Денсаулық-2020» - Еуропа денсаулық сақтау саясаты негізінде жатқан тұжырымдар мен құндылықтардың болашағын қалыптастрады», - делінген хабарламада.

Құжатқа Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова мен ДДҰ Еуропа аймақтық бюросының директоры Жужанна Якаб қол қойды.

«Денсаулық-2020 саясаты хадықтың денсаулығын сақтауда мол мүмкіндіктерге жол ашады. Оның негізінде денсаулық сақтаудағы стратегиялық жетекшілікті дамыту, денсаулық сақтау саласының даму жолдары мен әдістерін қарастыру, әділдік пен есеп беру ұстанымдарына сай жүйені дамыту жатыр.

Денсаулық-2020 саясаты стратегиялық әрекеттердің төрт басым бағытын қарастырады. Олар – адам өмірінің барлық уақытындағы денсаулық сақтау саласына инвестиция тарту мен азаматтардың құқы мен мүмкіндіктерін кеңейту; инфекциялы және инфекциялы емес ауруларға қатысты өңірлердегі күн тәртібіндегі мәселелерді шешу; адамзаттың қажеттілігіне бағытталған денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру, қоғамдық денсаулық сақтауды дамыту мен төтенше жағдайларға дайындықты қамтамасыз ету», - делінген хабарламада.

Қазақстан Республикасы мен ДДҰ ЕАБ 2020 жылдарға дейінгі денсаулық сақтау саласындағы Еуропалық саясаттың стратегиялық міндеттемелеріне қол жеткізуде әріптестік туралы Екіжақты келісімді жүзеге асыруда бірігіп жұмыс істемек.

 

 

 

 

Барлық жаңалықтар