- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР Мемлекеттік хатшысы ОҚО-да өткен халықаралық әйелдер форумына қатысты (ФОТО)
ҚР Мемлекеттік хатшысы ОҚО-да өткен халықаралық әйелдер форумына қатысты (ФОТО)
Аталған жиынға ҚР Мемлекеттік хатшысы, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия Г.Әбдіқалықова, ОҚО әкімі Б.Атамқұлов, Қазақстан іскер әйелдер ассоциациясының президенті Раушан Сарсембаева, Ұлттық комиссия мүшелері мен халықаралық ұйымдар, бизнес-құрылымдар, азаматтық қоғам өкілдері және сарапшылар қатысты.
Форум ашылуында сөз алған аймақ басшысы еліміздің білім саласында 65%, денсаулық сақтау саласында 75%, басқару корпусында 50% әйел қауымдары құрайтындығын айтты.
«ОҚО-да 30 мыңнан астам ұйым мен мекеме жұмыс жасайды. Олардың 10 мың әйелдер басқарады. Сәйкесінше 32,5% құрап отыр. 10 айда кіші және орта кәсіпкерліктің саны 190 мың болса, оның 69471 немесе 36,5% әйелдер басқаруда. Бұл көрсеткіш қазіргі таңда әйелдер кәсіпкерлікпен белсенді айналысып отырғандығын білдіреді» - деді.
Форумның арнайы қонағы Гүлшара Әбдіқалықова өзінің құттықтау сөзінде қазіргі заманауи әлемдегі көп елдерде жағдайдың күрделі және тұрақсыз болғандықтан, тиімді амалдарды дайындау маңыздығын атап өтті.
Г.Әбдіқалықова отбасылық-демографиялық саясат, өскелең ұрпақтың репродуктивті денсаулығы, әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық мәселелеріне және әйелдерді қоғамдық-саяси ілгерілету мәселелеріне ерекше тоқталды.
Мемлекеттік хатшы форумға қатысушыларды Бес институционалдық реформаларды, Елбасы «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» Жолдауын жүзеге асыруға белсенді қатысуға, дағдарысқа қарсы шаралардың аясында қарастырылған жаңа мүмкіндіктерді жан-жақты пайдалануға шықырды.
Мемлекеттік хатшы Г.Н.Әбдіқалықова Оңтүстік Қазақстан облысында әйелдер әлеуеті өңірді дамыту мен өркендетуіне толық пайдаланылатынына сенім білдірді.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
«Мұқағали» фильмінің халықаралық премьерасы Таллинде өтеді -
Еліміздің қай өңірлерінде сапалы ауыз суға қатысты проблема бар -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
Аманжол Әлтай Жолдауда көтерілген мәселелерге қатысты пікірін білдірді -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Сарапшы: Жолдауда жастарға қатысты айтылған үш мәселені атады -
Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 30 жылдығына орай АҚШ Мемлекеттік департаменті мәлімдеме жариялады -
Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары