• Басты
  • Жаңалықтар
  • 2016 жылы Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі клиенттерінің барлық салымдарына өтемақы беру үшін 20,9 млрд теңге бөлінеді

2016 жылы Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі клиенттерінің барлық салымдарына өтемақы беру үшін 20,9 млрд теңге бөлінеді

8 Желтоқсан, 2015 13:09
2016-2018 жылдары көлемi шамамен 13 600 пәтер салу және оны сатып алу қамтамасыз етіледі. Бұл жөнiнде ҚР Премьер-министрi Кәрiм Мәсiмовтың қатысуымен өткен Үкiметтiң кеңейтiлген отырысында ҚР Ұлттық экономика министрi Ерболат Досаев мәлiмдедi.

«Халықтың тұрғын үйге қолжетімділік деңгейін арттыру үшін 2016-2018 жылдары көлемi 817 мың ш.м. жалға берілетін тұрғын үй немесе шамамен 13 600 пәтер салу және оны сатып алу қамтамасыз етіледі. «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ клиенттерінің барлық салымдарына өтемақы беру үшін Үкімет резервінен 2016 жылы 20,9 млрд. теңге және 2017 жылы 16 млрд. теңге бөлінедi. Тұрғын-үй құрылысындағы үлескерлік салымдарды кепілдендіру қорын құру мақсатында «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ жарғылық капиталын 10 млрд теңгеге ұлғайту көзделіп отыр», - дедi министр. 

Бұдан басқа, оның сөзiне сәйкес, бюджеттік кредиттеу және субсидиялау тетігі арқылы 298 км жылумен, сумен жабдықтау және су бұру желілері салынып және реконструкцияланатын болады.

Сонымен қатар, 2016-2017 жылдары шетел инвестицияларын тарта отырып, МЖӘ тетіктері арқылы «ePlanCheck» ЖСҚ тексерудің автоматтандырылған жүйесі және құрылыс объектілерін жобалау кезіндегі ақпаратты модельдеу технологиясы енгізіледі. 

 

 

Барлық жаңалықтар