• Басты
  • Жаңалықтар
  • 2016-2017 жылдары әлеуметтік маңызы бар азық-түліктер үшiн бөлшек бағаның шекті мәндері белгіленедi - ҚР ҰЭМ

2016-2017 жылдары әлеуметтік маңызы бар азық-түліктер үшiн бөлшек бағаның шекті мәндері белгіленедi - ҚР ҰЭМ

8 Желтоқсан, 2015 13:06
2016-2017 жылдары әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасына бөлшек бағаның шекті мәндері белгіленетін болады. Бұл жөнiнде ҚР Премьер-министрi Кәрiм Мәсiмовтың қатысуымен өткен Үкiметтiң кеңейтiлген отырысында ҚР Ұлттық экономика министрi Ерболат Досаев мәлiмдедi.

"Жұмыспен қамтуды қолдау мақсатында 2016 жылы өңірлік Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің кешенді жоспарларын іске асыру жалғастырылатын болады және кадрларға қажеттілікті айқындау арқылы жұмысшылардың босатылуы мен жаңадан құрылатын жұмыс орындарының жиынтық картасы өзектендіріледі. 2016 жылғы наурызда елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдай нашарлайтын болса, аз қамтылған отбасыларға қосымша мақсатты көмек көрсету бойынша ұсыныстар енгізілмек. Сондай-ақ, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының өсуіне жол бермес үшін, 2016-2017 жылдары оларға бөлшек бағаның шекті мәндері белгіленетін болады, бұл құзыреттілік 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап алынып тасталады", - дедi Е.Досаев. 

Министр 2016-2018 жылдары әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына тауарлық интервенциялар жүргізу, ресурстарды тиімді пайдалану және уақтылы толықтыру үшін тұрақтандыру қорларының жұмысы жалғасатын болатынын айтты. 

 

 

 

 

Барлық жаңалықтар