- Басты
- Жаңалықтар
- «Астана-Теміртау» және «Астана-Павлодар» автожолдары үшін 2016 жылы 75 млрд теңге тартылады
«Астана-Теміртау» және «Астана-Павлодар» автожолдары үшін 2016 жылы 75 млрд теңге тартылады
«Нұрлы Жол» мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде іске асырылатын инфрақұрылымдық жобалар құрылыс индустриясын дамытуға және тұтастай алғанда экономикадағы іскерлік белсенділік пен жұмыспен қамтуды қолдауға айтарлықтай мультипликативтік әсер етеді.Түйінді инфрақұрылымдық жобалардың іске асырылуын жеделдету үшін «Нұрлы Жол» мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде қосымша қаражат тарту көзделеді.
«Астана-Теміртау» және «Астана-Павлодар» автожолдарында жұмыстарды уақтылы аяқтау үшін 2016 жылы 75 млрд теңге және 2017-2018 жылдары 225,1 млрд теңге сомасына мемлекет кепілдігімен қарыз қосымша тартылатын болады», - деп мәлiм еттi министр.
Оның айтуынша, бұдан басқа, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ автожол жобаларын іске асыруға Қытай Халық Республикасының Эксимбанкінен 2,6 млрд. АҚШ доллары сомасына қарыз тартатын болады.
«Нұрлы Жол» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде көзделген Ұлттық қор қаражатын, Халықаралық қаржы ұйымдары, Қытай Эксимбанкі қарыздарын ескере отырып, қосымша қаражат тарту 2020 жылға дейін «Нұрлы Жол – Оңтүстік», «Нұрлы Жол – Шығыс», «Нұрлы Жол – Батыс» түйінді бағыттары және республикалық маңызы бар автожолдар бойынша 8 мың шақырым автожолды пайдалануға беруге мүмкіндік береді», - деп мәлiмдедi Е.Досаев.
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады