• Басты
  • Жаңалықтар
  • Ұлттық банк зейнетақы активтерін инвестициялаудың стратегиялық бағыты бойынша ұсыныс әзірлеуде

Ұлттық банк зейнетақы активтерін инвестициялаудың стратегиялық бағыты бойынша ұсыныс әзірлеуде

8 Желтоқсан, 2015 12:23
Ұлттық банк зейнетақы активтерін инвестициялаудың стратегиялық бағыты бойынша ұсыныс әзірлеуде, деді Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев Үкіметтің кеңейтілген отырысында.

«Ұлттық банк зейнетақы активтерін инвестициялаудың страетгиялық бағыттары бойынша  басқару компанияларын тартып, зейнетақы активін сақтау мен көтеру бойынша ұсыныс  дайындауда», - деді ол.

Ұлттық банк басшысы атап өткендей, сәйкесінше заңнамаға да өзгерістер енгізу қарастырылған.

«Жақын арада Ұлттық банк экономиканы долларсыздандыру және корпоративтік құнды қағаздар нарығын дамытуды, сондай-ақ биржалық сауданы теңгелей қаржы құралдарымен ынталандыруды, ел аумағында сатылатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтер бағаларын және олардың жарнамасындағы бағаларын тек ұлттық валютада белгілеу мен көрсетуді қоса алғанда теңге құралдарының тартымдылығын арттыру жөніндегі шаралар кешені қабылданатын болады», - деді ол.

Индира Қауметова

Барлық жаңалықтар