- Басты
- Жаңалықтар
- Е.Досаев: 2016 жылы Жекешелендірудің 2016-2020 жылдарға арналған кешенді жоспары бекітіледi
Е.Досаев: 2016 жылы Жекешелендірудің 2016-2020 жылдарға арналған кешенді жоспары бекітіледi
"Үшінші бағыт аясында, бәсекелестік пен жеке капиталды дамытуды ынталандыру үшін 2016 жылғы наурызда монополияға қарсы ведомствоның мәртебесі мен оның жұмыс тәртібін айқын регламенттей отырып, монополияға қарсы заңнаманы Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының стандарттарына сәйкестендіруді көздейтін заң жобасы әзірленетін болады. Ал 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап үстем немесе монополиялық жағдайға ие Нарық субъектілерінің мемлекеттік тізілімі жойылатын болады", - дедi министр.
Е.Досаевтың айтуынша, 2016-2017 жылдары табиғи монополиялардың базалық субъектілері шекті (ұзақ мерзімді) тарифтер бойынша жұмысқа көшірілетін болады.
"Экономикадағы мемлекеттің рөлін төмендету жөніндегі Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін мемлекет иелігінен шығару және жекешелендіру бойынша ауқымды жұмыс жүргізілетін болады.
2015 жылғы 4 желтоқсанда Мемлекет Басшысы қол қойған, мемлекеттік және квазимемлекеттік сектор объектілерін мемлекет иелігінен шығару және жекешелендіруді жандандыруға бағытталған Заңды ескере отырып, жешелендіруге, активтерді әділ нарықтық құнымен сатуға, шектеулер алып тасталды, сондай-ақ қазақстандық және шетелдік инвесторлардың жекешелендіруге барынша көп қатысуы үшін жағдайлар жасалған.
2016 жылғы қаңтарда Жекешелендірудің 2016-2020 жылдарға арналған жаңа кешенді жоспары бекітілетін болады, сондай-ақ иеліктен шығаруға жатпайтын объектілердің тізбесін қысқартуды көздейтін Жарлық жобасы Президент Әкімшілігіне және барлық акционерлердің квазимемлекеттік сектордың иеліктен шығарылған активтерді сатып алуға басым құқықтарын алып тастауды көздейтін Заң жобасы Парламентке енгізілді", - дедi ҚР ҰЭ министрi.
-
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы -
Қазақстанда журналистерге арналған бірегей сөздік таныстырылды -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Ақтөбе облысының кешенді даму жоспары бекітілді -
Жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр -
IT-стартаптарды қаржыландыруға арналған "Seed money" бағдарламасының шарттары -
Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметі мен Жас мамандар пулы жобасы -
Азаматтарға арналған үкімет: ЭЦҚ алуды жеңілдету, автокөлікті қайта тіркеу және цифрландыру -
Абай жылының айшықты тұстары -
2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасының ерекшеліктері