• Басты
  • Жаңалықтар
  • Атырау облысында жыл басынан бастап 18 мектепке дейінгі мекеме мен 3 мектеп ашылды

Атырау облысында жыл басынан бастап 18 мектепке дейінгі мекеме мен 3 мектеп ашылды

8 Желтоқсан, 2015 12:16
Жыл басынан бері Атырау облысында 18 мектепке дейінгі мекеме мен 3 мектеп ашылды, деп хабарлады Атырау облысының әкімі Бақытқожа Ізмұхамбетов ОКҚ-да.

«Әлеуметтік блокқа келетін болсақ, экономикалық тұрақтылық әлеуметтік сала мен өмір сүруге қолайлы жағдай жасайды. Жыл басынан бері 18 мектепке дейінгі мекеме ашылды, оның 12 – жеке балабақшалар. Пайдалануға 3 мектеп берілді. Жеке сектор саласынан мектепке дейінгі ұйым саны артты. Оның саны 3-тен 35-ке дейін көбейді», - деді Б.Ізмұхамбетов.

Өңір басшысының айтуынша, жалпы мектепке дейінгі біліммен қамту 82,6 пайызға жетті.

Анар  Тәңірқұлова

Барлық жаңалықтар