Д.Ақышев: Ұлттық банк қаржы нарығын реттейтін міндетін сақтап қалады

8 Желтоқсан, 2015 12:09
Ұлттық банк қаржы нарығын реттейтін міндетін сақтап қалады, деді Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев Үкіметтің отырысында.

«Ұлттық банк қаржы нарығын реттейтін міндетін  сақтап қалады. Халықаралық стандартқа сай барлық талап пен міндеттерге оңтайландыру жүргізіледі», - деді Ұлттық банк төрағасы.

Д.Ақышев айтып өткендей, бір кезде нормалар мен лимиттер алынып тасталады.

«Жұмыстың нәтижесі отандық банктердің бәсекеге қабілетілігін көтерудің жұмысы болады, ол қаржы секторында Қазақстанның ДСҰ-ға енуі мен ЕАЭО қызметіне септігін тигізеді. Қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету сұрақтары кешенді шаралар мен Ұлттық банк шараларын жүзеге асырумен қамтылады», - деді ол.

Сондай-ақ, ол ҚР Үкіметіне Ұлттық абнктің жағдайына қолдау көрсетуді сұрады.

Индира Кауметова

Барлық жаңалықтар