- Басты
- Жаңалықтар
- 2016 жылы бюджеттік бағдарламаларға толық ревизия жүргізіледi
2016 жылы бюджеттік бағдарламаларға толық ревизия жүргізіледi
«Бюджет саясатының негізгі мақсаттары қатаң үнемдеу, мемлекеттік шығыстардың тиімділігін арттыру және Ұлттық қор қаражатын ұтымды пайдалану болып табылады. Осыған байланысты, 2016 жылғы сәуірге дейін Ұлттық қор қаражатын қалыптастыру және пайдаланудың жаңа тұжырымдамасының және 2016 жылғы тамызға дейін жаңа редакциядағы Бюджет кодексінің жобалары әзірленетін болады. 2017-2019 жылдарға арналған республикалық бюджетті қалыптастыру барысында 2016 жылғы сәуір-тамызда тиімсіз шығыстарды және жеке сектор қаржыландыруы мүмкін шығыстарды алып тастау арқылы бюджет шығыстарын оңтайландыра отырып, республикалық және жергілікті бюджеттік бағдарламаларға толық ревизия жүргізілетін болады», - дедi министр.
Сонымен қатар, Ұлттық экономика министрi мәлiм еткендей, 2016 жылғы наурызға дейін Бюджет кодексіне қолма-қол ақша тапшылығын жабу үшін жергілікті атқарушы органдардың үш жылға дейінгі мерзімге Үкіметтен қарыз алуын көздейтін толықтырулар енгізілетін болады және бюджеттен күрделі шығындарды қаржыландырудың сервистік моделін қолдану мүмкіндігі үшін 2016 жылғы наурызға дейін сервистік келісімшарт үлгісі әзірленетін болады.
«Жалпы сипаттағы трансферттер туралы заң жобасын әзірлеу кезінде республикалық бюджеттен бөлінетін нысаналы трансферттер есебінен барлық жергілікті инвестициялық жобаларды қаржыландыру 2017 жылдан бастап толықтай жергілікті деңгейге берілетін болады. Сондай-ақ, салық жүйесін түбегейлі реформалау мақсатында Ұлттық экономика министрлігі 2016 жылғы тамызда ҚҚС-ның орнына сатудан түсетін салықты енгізуді, салық режимдерін үш деңгейге дейін оңтайландыруды, тиімсіз салықтық жеңілдіктерді жоюды, сондай-ақ салық саласының ашықтығы мен салықты әкімшілендіру тиімділігін арттыруды көздейтін біріктірілген Салық және Кеден кодексінің жобасын Парламентке енгізетін болады», - деді министр.
-
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр -
COVID-19: АҚШ толық вакцина алғандарды ғана елге кіргізбекші, ал ДДҰ ревакцинацияға уақытша мораторий жариялауға шақырды -
Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметі мен Жас мамандар пулы жобасы -
Абай жылының айшықты тұстары -
2021 жылы жол-көлік оқиғаларының көбеюіне не себеп болды -
Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жұмыстары жүргізіліп жатыр -
Ақмола облысында жылына 350 тонна ешкі сүтін өндіретін ферма өнімдеріне сұраныс артты -
Зейнетақы жүйесінің дамуы: Қандай өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі -
2021 жылы қазақстандықтар үшін қандай тұрғын үй бағдарламалары қолжетімді -
2021 жыл - «Балалардың кітап оқуын қолдау» жылы: атқарылатын жұмыстар -
2021 жылы қандай маңызды спорттық ойындар өтеді -
Үкімет: 2020 жылы әлеуметтік саланы тұрақтандыруға бағытталған шаралар