ОҚО-да «Отырар» облыстық кітапханасы ашылды

7 Қараша, 2013 10:58
Облыс халқының кітапханаға деген сұранысы өте жоғары. Осы жағдай ескеріліп, облыс орталығында «Отырар» облыстық кітапханасы ашылды, деп Оңтүстік Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы хабарлады.

«Сәулет өнерінің озық үлгісімен салынған бұл нысан  қаланың ажарын ашып, өзіндік келбетін қалыптастырмақ. Кітапханаға «Отырар» атауының берілуі – ел тарихын халық санасында жаңғырту болып табылмақ», - деп хабарламада нақтыланған.

 Кітапхананың құрылысы 2012 жылдың шілдесінде басталып, толығымен аяқталды. Бұл ғимарат облыс қазынасынан қаржыландырылып, 700 млн. теңге жұмсалды.

Оқырманның талғамына сай жасақталған бұл ғимаратта 550 мыңнан астам кітап қоры бар тағы бір облыстық кітапхана жайғаспақ. Жаңадан салынған мәдени кешеннің ерекшелігі – мұндағы залдар техниканың соңғы үлгісімен жабдықталып, дербес электронды ресурстар мен интернет залдары қарастырылған.

 

Барлық жаңалықтар