• Басты
  • Жаңалықтар
  • Ұлттық банк 2016 жылдың қыркүйегінде әлеуетті шығындардың стресс-тестілеу нәтижесін ұсынады

Ұлттық банк 2016 жылдың қыркүйегінде әлеуетті шығындардың стресс-тестілеу нәтижесін ұсынады

8 Желтоқсан, 2015 11:56
ҚР Ұлттық банкі 2016 жылдың қыркүйегінде әлеуетті шығындардың стресс-тестілеу нәтижесін ұсынады, деп хабарлады ҚР Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысында.

«Инфляция дәлізін 6-8% аралығында сақтап қалу және оны 4% -ға дейін төмендету Ұлттық банк үшін басымдық берілген міндеттердің бірі болып табылады. Бұл Ұлттық банктан және ҚР Үкіметінен құрылымдық экономикалық реформалар мен ақша-несие саясаты салаларында айтарлықтай күшті қажет етеді», - деп мәлімдеді ол.

Ұлттық банк басшысының айтуынша, келесі қадам экономиканы несиелендіру үшін екінші деңгейдегі банктердің өтімділігін қолдау мақсатында құралдар түрі арттырылады. « Ұлттық банк қыржы қызметі бойынша жұмыстарды жалғастырады, стресс-тестілеу өткізіледі, оның нәтижесі 2016 жылдың қыркүйегінде жарияланады», - деп толықтырды Д. Ақышев.

Индира Кауметова

Барлық жаңалықтар