- Басты
- Жаңалықтар
- Е.Досаев: ҚР-да жаңа экономикалық құрылымды қалыптастыру үшін қаржы секторын тұрақтандыру жоспарлануда
Е.Досаев: ҚР-да жаңа экономикалық құрылымды қалыптастыру үшін қаржы секторын тұрақтандыру жоспарлануда
"Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес жаңа құрылымдық экономиканы қалыптастыру үшін мынадай шаралар көзделеді. Бірінші бағыт - «Қаржы секторын тұрақтандыру». Үкімет пен Ұлттық Банктің орта мерзімді перспективадағы негізгі мақсаты инфляцияны 2016-2017 жылдары 6%-8%-ға дейін, 2018 жылы 5%-7%-ға дейін, 2019 жылы 4%-6%-ға дейін және 2020 жылы 3%-4%-ға дейін төмендету болып табылады. 2016 жылғы сәуірде базалық пайыздық мөлшерлемені икемді өзгерту тетігі енгізілетін болады, ол баға тұрақтылығын қамтамасыз етуге және инфляция деңгейін төмендетуге бағытталады», - деді ол.
«Бұл ақша-кредит саясаты операцияларының тиімділігін арттыруға және оның ақша нарығының мөлшерлемелеріне ықпалын күшейтуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, жұмыс істемейтін кредиттер тұрғысынан банк секторының барлық субъектілеріне жүргізілген сынақ нәтижелері бойынша қаржы секторының тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін 2016 жылғы қыркүйекке дейін оларды мойындау және есептен шығару жөніндегі шаралар қабылданатын болады", - дедi Е.Досаев.
Министр, сондай-ақ, зейнетақы жинақтарының кірістілігін арттыру мақсатында 2016 жылғы наурызға дейін зейнеткерлік активтерді инвестициялау тәсілдері қайта қаралатын болатынын мәлiмдедi.
"Сонымен қатар, 2016 жылғы шілдеге дейін зейнеткерлік қорлары активтерін қазақстандық немесе шетелдік жеке компаниялардың басқаруына беру әдiстерi әзірленетін болады. 2016 жылы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, Проблемалы кредиттер қоры және басқа да қаржы институттары Ұлттық Банктің бақылауынан шығарылады. Сондай-ақ, экономиканы долларсыздандыру мақсатында Ұлттық банк Үкіметпен бірлесіп экономиканы долларсыздандыру және корпоративтік құнды қағаздар нарығын дамытуды және биржалық сауданы теңгелей қаржы құралдарымен ынталандыруды, ел аумағында сатылатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтер бағаларын және олардың жарнамасындағы бағаларын тек ұлттық валютада белгілеу және көрсетуді қоса алғанда теңге құралдарының тартымдылығын арттыру жөніндегі шаралар кешені қабылданатын болады", - деп мәлiмдедi Е.Досаев.
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет