- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР Үкіметі 2016-2018 жылдарға арналған дағдарысқа қарсы жоспарды жасақтады
ҚР Үкіметі 2016-2018 жылдарға арналған дағдарысқа қарсы жоспарды жасақтады
«ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2015 жылғы 30 қарашадағы «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мақсатында қарауларыңызға Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының (Жалпыұлттық жоспары) және Үкімет пен Ұлттық Банктің экономикалық және әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі 2016-2018 жылдарға арналған дағдарысқа қарсы іс-қимыл жоспарының (бұдан әрі - Дағдарысқа қарсы жоспар) жобалары енгізіледі. Жалпыұлттық жоспар Мемлекет басшысы атап өткен 10 жылға арналған нысаналы индикаторларды және 5 бағыт бойынша 39 іс-шараны қамтиды»,-деді министр.
Досаевтың айтуынша, Дағдарысқа қарсы жоспар Мемлекет басшысы 2015 жылғы 30 қарашадағы Жолдауында берген жоғарыда аталған 5 негізгі бағытқа сәйкес барлық тапсырмаларды қамтиды.
«Дағдарысқа қарсы жоспар «100 нақты қадам» Ұлт жоспары шеңберіндегі реформаларды тереңдету жөніндегі, Мемлекет басшысының 2015 жылғы 18 қарашадағы Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларын орындау жөніндегі шараларды, 2015-2016 жылдарға арналған жедел шаралар мен «ерекше кезең», сондай-ақ экономиканы долларсыздандыру жоспарларының өтпелі іс-шараларын қамтиды»,-деп атап өтті Ұлттық экономика министрі.
Е.Досаев атап өткендей, Дағдарысқа қарсы жоспар 2 бөлімнен тұрады: Мемлекет басшысы 2015 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан халқына Жолдауында айқындаған 5 негізгі басымдық шеңберінде жаңа құрылымдық экономиканы қалыптастыру; экономиканың өсуін және оған кредит беруді ынталандыру бойынша жедел шаралар.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 8 млн-нан асты -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
Есірткі қылмысы мен нашақорлыққа қарсы күрес жұмыстары қалай жүргізілуде -
Инфляцияға қарсы әрекет ету шаралары -
Қазақстанда журналистерге арналған бірегей сөздік таныстырылды -
ІІМ: Балаларға қарсы қылмыстардың жолын кесу және есірткінің таралуын болдырмау шаралары -
АҚШ-та балалар арасында коронавирус көбеюде, ал ДДСҰ COVID-19-ға қарсы 3 препаратты сынақтан өткізбекші -
ӘЭД: Инфляция, азық-түлік бағасының қымбаттауы және дағдарысқа қарсы іс-шаралар -
IT-стартаптарды қаржыландыруға арналған "Seed money" бағдарламасының шарттары -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды